• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:47:55
Алматы
+35°

14 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Қайық мінген екеуін сот жақтады

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына сәйкес хаттама толтырған бойда екеуіне 5 АЕК (әрбіріне 12 мың 025 теңге) айыппұл салған еді.

"Астананы су басты, Нұх пайғамбар, қайдасың?" деп Қамшы бетінде материал салдық. Әзіл-шыны аралас, қиялға ерік беретін материалдың мақсаты Астананы су басу мәселесіне көпшіліктің құлағы елеңдеп, бас көтеруіне себепкер болу болатын. Қайыққа отырып, қала аралаған екі жігіт те естеріңізде шығар. «Өзімізді кінәлі санамаймыз» деген екеуі сот залынан бірақ шыққан болатын. Астананың ішкі істер департаменті ер адамдардың қылығын ұсақ бұзақылық деп бағалап, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына сәйкес хаттама толтырған бойда екеуіне 5 АЕК (әрбіріне 12 мың 025 теңге немесе 33 доллар) айыппұл салғаны белгілі. Міне, бүгін  қуанышты жаңалықпен бөліскелі отырмыз. Жандос Садыбеков пен оның досы қалалық соттың шешімімен кінәсіз болып табылды. Сөйтіп әділеттілік жеңді деп бөркімізді аспанға атып отырмыз. Әсет Исекешевтің орнына келген Бақыт Сұлтанов әріптесінің берген уәдесін орындайды деген үміттеміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір