• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:57:57
+35°

24 Тамыз, 2018 NEWS

Жаңбыр суымен күрес екі қарапайым тұрғынды жазалаумен аяқталды

Астана әкімдігін толассыз жауған жауын есеңгіретті ме белгісіз, су басқан қалада қайықпен жүзген қала тұрғындарын жазалады.

Астана әкімдігін толассыз жауған жауын есеңгіретті ме белгісіз, су басқан қалада қайықпен жүзген қала тұрғындарын жазалады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын толассыз жауған жауынның кесірінен елордалықтар тізеден су кешіп жүруге мәжбүр болды. Тіпті көшеде үрлемелі қайықпен қаланың қақ ортасында жүзіп жүргендер де қызу талқыланды.

Ал биліктегілер әдеттегідей бір-бірін кінәлап әлек болды. Парламент спикері Қасым Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев әкімдікке кінә артып жатты. Өз кезегінде Астана әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрап, жаңбыр канализациясы проблемасын 2019 жылы шешуге уәде берді. 

Қала тұрғындарынан кешірім сұрап қана құтылған әкімдік қала ортасында үрлемелі қайықпен жүрген екі азаматты жазалады. Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша, екі азаматтың бұл әрекеті ұсақ бұзықшылықтың қатарына кіреді-мыс. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты "қайықшылардың" әрқайсысына 5 АЕК көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салды. Кейін әкімдіктегілер автобус жүргізушілерін жазалады.

 

Как же скучно Я живу ? #астана #astana

Публикация от Недвижимость АСТАНА ?? (@zhivem_v_astane)

Қаланың қақ ортасын су басып жатқан кезде тізеден су кешкісі келмей, үрлемелі қайықпен жүрген азаматтардың әрекеті қылмыс, бұзақылық болса әкімдіктің салғырттығын қалай бағаласақ болады? Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ бұл жағдайда әкімдіктегілердің барлығы бірнеше жылға бас бостандығынан айырылу керек емес пе?! Әлде барлығына кінәлі қала ортасында қайықпен жүзген екі ер азамат пен автобус жүргізушілері болғаны ма?  Не себепті қала тұрғындарына жаза қолдану керек ал әкімдіктегілер кешірім сұрап қана құтылады? Астананың туған күніне 19 млрд теңгені жұмсаған билік бас қаланың канализация проблемасын шешуге ақшасын аяп қалды? Сұрақтар көп, жауап әдеттегідей жоқ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір