• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 04:47:16
Алматы
+35°

22 Тамыз, 2018 Саясат

Әсет Исекешев уәдесінде тұрып, Астананы судан құтқара ала ма?

Министрлікке тапсырма берсеңіз, біз бәрін жүзеге асыратын боламыз.

Әсет Исекешев көптеген жұмыстың қолға алынып, бірнеше жылда қаланы су басуға қатысты мәселелердің толықтай шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ, ол осы мәселеге қатысты Бақытжан Сағынтаевқа ұсыныс айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасай отырып.

 

 

"2016 жылғы Елбасының үшжылдық тапсырмасына сәйкес, құбыр жүйесі жөнделіп жатыр. Қазір бөлінген қаражат есебінен 2019 жылы жүйені толықтай өзгертуді жоспарлап отырмыз. Әкімдік өте үлкен жұмыс атқарды. Былтыр Тұран — Ұлы Дала, 31 көше, Көктал кенті, Мыңжылдық саяжолы, С. Сейфуллин көшелерінің тазарту құрылыстарын аяқтадық. Тазартылған суларды Есіл Бейсекова — Қорғалжын тас жолы-Пригородныйға ағызу үшін 15 шақырым коллекторды бұратын Тұран-Сығанақ тазарту құрылғыларының реконструкциясы бір жыл ішінде жедел қарқынмен аяқталды", — деді Астана әкімі үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, Әсет Исекешев Астанада жауын-шашын суын кәрізге бұрып отыру жұмыстарын бақылайтын кәсіпорын құру жоспарда бар екенін айтты. Кәсіпорынды "Астана Тазалық" негізінде құру көзделген.

"Суағар жүйесінің жұмысын екі есеге арттыруға көмектесетін техникалық мүмкіндіктер бар. 2019 жылы олар толықтай жүзеге асырылады. Қаражат бөлініп қойғандықтан шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы үш жылда негізгі мәселелер шешілетін болады. Кеше қала тұрғындарын, расымен, жайсыз жағдайға қалдырған мәселеге келсем, Қазгидромет мәліметі бойынша, 1,5 тәулікте жауын-шашын мөлшері 45 миллиметрге дейін жеткен. Ал бір айда норма бойынша 29 миллиметр түсуі тиіс. Бұл бір айлық нормадан бір жарым есеге көп болып отыр", — деп ақталды Әсет Исекешев.

Әрі қарай қала әкімі премьер-министрге ұсыныс айтып, оның бұл мәселені жуық арада шешуге көмектесетініне тоқталды.

"Бақытжан Әбдірұлы, қазір табиғи монополиялар туралы заңда суағарлар қызметінің бағасы белгіленбеген. Біз "Астана Тазалық" базасында су ағатын канализация жүйесін бақылауда ұстап отыратын кәсіпорын құруды жоспарлап отырмыз. Министрлікке тапсырма берсеңіз, біз бәрін жүзеге асыратын боламыз. "Астана Тазалықты" жекешелендіру бағдарламасынан алып тастауды жоспарлап отырмыз. Кәсіпорын тек суағар мәселесімен жұмыс істейтін болады", — деп қорытты әкім.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір