• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:50:46
+35°

06 Қараша, 2018 Оқиғалар

Бастықтың алдында басын имеген Боқаевтың түрмеде жатқанына - 912 күн мен 912 түн

Талғат Аян фейсбук әлеміне Боқаевтың барын, оның тірі екенін, ірі екенін тағы бір рет еске салды.

Түрмеде отырған қоғам белсендісі Макс Боқаевтың жағдайына алаңдап, фейсбук әлеуметтік желісінде жазбалар жариялап отырған оның рухтас досы – Талғат Аян.

♦Бастықтың алдында бас киімін шешпеген Макс Боқаевқа ауыр жаза қолданылмақ

Осыған дейін түрме бастығының алдында бас киімін шешпегендігі үшін Макстің басына бұлт үйірілейін деп тұр деген сыңайда қауіп-қатер барын сездірген Талғат Аянның жазбасынан кейін Қамшы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың, Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың атына хат жолдаған болатын.

♦"Макс Боқаевты жайына қалдырыңыздар!"

Петропавл қаласындағы ЕС-164/3 колония әкімшілігі 5 жылға бас бостандығынан айырылған Макс Боқаевқа тексерушілердің алдында бас киімін шешпегені үшін жазаланып, екінші рет сөгіс алғаны туралы ақпарат алғанымызды ескерте отырып, «Макс Боқаевқа не себепті сөгіс жарияланды? Тексерушілердің алдында бас киім шешу керек  деген талап  қандай заңда көрсетілген?» деген сауалдардарға жауап беруді сұраған едік. Бір ай өткен соң Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасынан «ЕС-164Ю/ (орташа қауіпсіздік, Петропавл қ.) мекемесі бастығының 2018 жылғы тамыздың 9-дағы және 11-дегі қаулылармен сотталған Бокаев Макс Кебенұлына ескерту және сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылған. Жаза қолдануға негіз болған жағдай, қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде отыоған тұлғалардың тәртібін қадағалауды және бақылауды, тінту және қарау өндірісін жүзеге асыру бойынша қызметін ұйымдастыру туралы Ереженің 53 т.сәйкес, сотталғанмен мекеме әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау түрінде тегі бойынша тексеру тәртібін бүзған (ҚР ІІМ 2017 жылғы ақпанның 20-дағы №36 қбпү бұйрығымен бекітілген). Облыс прокуратурасымен тәртіптік өндіру салу туралы материалдарды зерделеу кезінде бұзушылықтар орын алған жоқ» деген жауап келді.

♦Макс Боқаевтың Ақтөбеге этаппен жөнелтілгені хабарланды

«Ол білімді, өжет, әділ, ұлтшыл азамат. Макс түрмеде ағылшынның 18 ғасырдағы тілімен жазылған кітаптарын оқып қана қоймай, күн сайын бірнеше рет 25 еденнен "отжимание", 25-рет "брусья" жасайтын. Жасы жиырмадағы жас балалар көбіне ерінсе де, Макске еріп барын салатын, сонда да жасы 43-тегі Макске жете алмай жататын. Сонда Макс оларға: «ей, бауырым, қазақсың ғой, мынауың ұят, қазірден өзіңді қарамасаң, ертең кеш болады, оқы, талпын, денсаулығыңды сақта, енді қайтып қате жасама, болашағың алда»,- деп ақыл айтып жататын. Осындай Макстің ешқандай негізсіз түрмеде отырғанына 2 жарым жыл болыпты. Яғни 912 күн мен түн өтті...» деп досын "жоқтаған" Талғат Аян фейсбук әлеміне Боқаевтың барын, оның тірі екенін, ірі екенін тағы бір рет еске салды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір