• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:10:11
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2018 Оқиғалар

Бастықтың алдында бас киімін шешпеген Макс Боқаевқа ауыр жаза қолданылмақ

Макс өзі заңгер, колонияда ешқандай тәртіп бұзушылық жасамағанына кепілдік беремін.

Күні кеше бостандыққа шыққан Талғат Аянның фейсбуктегі отбасылық демалыс кезіндегі фотоларын көріп қалың қазақ қуанды. Талғатты аяған билік Алаш-Орданың 100 жылдығы құрметіне Қамшы порталы тағайындаған арнайы медальдің иегері Макс Боқаевқа келгенде неге қатайып қалды деп ой тағы маза бермегенін жасырмаймыз. Сөйтіп жүргенде Талғат Аянның фейсбук парақшасында бірер сағат бұрын жариялаған жазбасы қуанышымызды су сепкендей басты. Макс та бір күні қазақ билігің мейіріміне бөленеді деген үміт шорт үзілейін деп тұр.  "МВД КУИС"- тен Макс Боқаевқа жаза қолданбауды талап етемін!" деп сөз бастаған Талғаттың уайымға толы хатын оқырман назарына ұсынамыз. Бір айта кетерлігі, Қамшы тілшісі Макс жазасын өтеп жатқан колония әкімшілігіне қоңырау шалып, мән-жайды анықтамақ болған еді. Алайда олар ауызша ешқандай ақпарат бере алмаймыз, электрондық мекенжайымыз да жоқ, сондықтан ресми хат жіберіңіздер деп қысқа-нұсқа жауап қайтарды. 

"Макс Боқаев 2016 жылғы жер митингілерін ұйымдастырғаны үшін Петропавл қаласындағы ЕС-164/3 колониясында жазасын өтеуде. Қазір Макске колония әкімшілігі ескерту беріп, қайтадан изоляторға қамап, сосын қатаң жағдайға(СУС, Бур.барак) жіберуі мүмкін.
Макс өзі заңгер, колонияда ешқандай тәртіп бұзушылық жасамағанына кепілдік беремін. 
Қазір оған таңғы және кешкі тексеріс кезінде, плацта, отряд басшысының алдына барып бас киіміңді шешпейсің деп тиісіп жүр. Ол "бас киім шешу әдеті, баяғы замандағы құлдардың мырзалар өтіп бара жатқанда бас киімін шешкенмен тең. Адамның ар-ожданына нұсқан келтіреді. Бірақ ол заман өтіп кетті, ауру қалса да, әдет қалмайды" деген сияқты. 
Күн сайын екі рет, далада плацта отряд басшысының алдына барып, бас киіміңді шешіп аты-жөніңді айтасың. Ал басқа уақытта, аулада бас киіміңді тіпті шешуге болмайды, оны ұлттық гвардия жіті бақылап жүреді, байқамай бас киіміңді киюді ұмытып кетсең, ескерту алып, түсініктеме жазасың.

Егер қазір Макске ескерту беріп жаза қолданатын болса, бостандыққа шығу уақыты алыстайды, алты айға СУС-қа қамалады, кездесулерге жол берілмейді, анасымен кездесе алмайды, таксафон соға алмайды, УДО-ға өтініш жаза алмайды" деп жазады Талғат Аян.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір