• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:54:34
Алматы
+35°

14 Қыркүйек, 2018 Оқиғалар

"Макс Боқаевты жайына қалдырыңыздар!"

Талғат Аян Макс Боқаевқа ескерту беріп, жаза қолданатын болса, оның бостандыққа шығу уақыты алыстап, 6 айға СУС-қа қамалатынын жазған.

Бастықтың алдында бас киім шешпегені үшін Макс Боқаевқа екінші рет сөгіс жариялады. Осыған дейін Qamshy.kz ақпарат агенттігі бастықтың алдында бас киімін шешпеген Макс Боқаевқа ауыр жаза қолданылатынын жазған. Талғат Аян Макс Боқаевқа ескерту беріп, жаза қолданатын болса, оның бостандыққа шығу уақыты алыстап, 6 айға СУС-қа қамалатынын айтты. Сонымен бірге Макс Боқаев анасымен кездесу тұрмақ таксафон арқылы да сөйлесе алмайды.  

Талғат  Аян өзінің фесбук парақшасына Макс Боқавқа Петропавл қаласындағы ЕС-164/3 колония әкімшілігінің екінші рет сөгіс жариялағанын жазып, биліктен белсендіні жайына қалдыруды талап етті.

«2016 жылы жер митингісін ұйымдастырғаны үшін 5 жылға сотталған Макс Боқаевқа Петропавл қаласындағы ЕС-164/3 колония әкімшілігі екінші рет сөгіс жариялады. Күнделікті тексеру кезінде жасақ басшысының алдында бас киімін шешпегені үшін. Осындай да болады... Бастық алдында бас киім шешу туралы талап адамның ар-намысын таптайды.

Сонымен қатар, бұл көрінеу заңсыздық, себебі бас киімін шешу туралы міндет ІІМ - 20.02.2017 жылғы N36 құпия бұйрығында көрсетілген. Бұл бұйрықты еш жерден таба алмайсыз, оның құпиялы деген грифы бар. Яғни, қызметкерлерден басқа ешкім көрмеген бұйрық негізінде Максты жазалады. Сонда сотталғандар бұл бұйрықпен таныса алмайды, бірақ орындауға міндетті. Осындай да жағдай болады, оқырмандар.

Қазір Макстің адвокаттары КУИС-пен соттасып жатыр, осы құпия бұйрықты заңсыз деп тану туралы. Бірінші сот талап арызды қанағаттырмады, жақында Астана қалалық сотында апелляциялық шағым қаралады. Әділдік жеңер деген үміт жоқ.

Бұл жағдайды, егер МАИ қызметкері сізге айыппұл салып, бірақ жол-жүру ережесін құпия дегенімен бірдей. ІІМ-нің КУИС басшысы Базылбеков, Бас прокурор, Жоғарғы сот басшысы заңсыздықтарды тоқтатып, халық алдындағы абыройларыңды одан сайын түсіре бермей, онсыз да бас бостандығынан айырылған Максті жайына қалдырыңдар», деп жазады Талғат Аян.

Ал Талғат Аянның бұл жазбасын оқып шыққан 2016 жылы жазасын өтеген алматылық тұрғын Владимир Козлов мұндай заң талабы жоқ екенін жазған.

Владимир Козлов

«Мен білемін, 2016 жылы мұндай тексеру ережесі болмаған. Себебі мен кезінде тексеріс кезінде бас киімімді шешкен жоқпын. Маған берілген бұйрықты, заң талаптарын жатқа айтып беріп, орындамаған болатынмын. Бұл талапты басқа адамдар ойдан шығарған. Тексерушілер жазасын өтеушілерден бас киімдерін шешіп,  өздерінің алдында бас иетін малай, құл жасауға тырысады»,— дейді Владимир Козлов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір