• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:50:37
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2018 NEWS

Макс Боқаевтың Ақтөбеге этаппен жөнелтілгені хабарланды

Ақтөбедегі жалпы режимдегі колонияда Азаттыққа тұтқын 28 тамыз күні этаппен келгендер арасында Макс Боқаевтың болмағанын...

Азаматтық белсенді Вадим Курамшиннің сөзінше, сотталған атыраулық белсенді Макс Боқаев 26 тамызда Петропавлдағы түрмеден Ақтөбедегі жалпы режимдегі колонияға этаппен жөнелтілген. Бұл ақпаратты Азаттыққа Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті растады. Департамент ақпаратына қарағанда, Макс Боқаевтың туыстарына оның басқа колонияға ауыстырылғаны туралы хабарлама жіберілген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. 

Ақтөбедегі жалпы режимдегі колонияда Азаттыққа тұтқын 28 тамыз күні этаппен келгендер арасында Макс Боқаевтың болмағанын, ал келесі этап енді 10 қыркүйектен кейін ғана келетінін мәлімдеді.

Вадим Курамшиннің ақпараты бойынша, 45 жастағы Макс Боқаев қазір Қарағандының тергеу абақтысындағы айдауға жөнелтілетін пункте отыр. Алайда, Қарағандыдағы тергеу абақтысындағылар бұған қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Макс Боқаевтың қарындасы Жанаргүл Боқаева Азаттыққа туыстарына ағасының Петропавлдан Ақтөбеге ауыстырылғаны туралы хабарлама келмегенін айтты. Ол 76 жастағы анасы Рахила Қожасовамен бірге 22-24 тамыз аралығында Макс Боқаевпен ұзақ уақыт кездесуде болған.

Жанаргүл Боқаева ағасының денсаулығы бірқалыпты екенін айтады. Бірнеше апта бұрын түрме әкімшілігі Боқаевқа "екінші дәрежелі теріс мінез-құлық көрсетті" деген баға берген. Қарындасының сөзінше, бұған Макс Боқаевтың түрмедегі тексеру кезінде бас киімін шешпей қоюы себеп болған. Жанаргүл Боқаева анасы екеуі Макс Боқаевты Ақтөбеге ауыстыру туралы түрме әкімшілігімен, я ағасымен сөйлеспегенін айтады.

Макс Боқаевқа бұған дейін де "үшінші дәрежелі теріс мінез құлық көрсетті" деген баға берілген. Ол биылғы қаңтарда 2017 жылғы желтоқсан айында түрмеде 25 градус суықта таңғы дене шынықтыруды жасаудан бас тартқаны үшін алты рет жазаға тартылып, тәртіптік оқшаулау камерасына қамалған.

Макс Боқаев 2016 жылғы Атыраудағы аса ауқымды жер реформасына қатысты митингілерден соң бес жылға сотталған. 2016 жылғы 28 қарашада Атырау қалалық №2 соты Боқаевтың жазасын Атыраудағы УГ 157\9 мекемесінде өтеуді белгілегенімен, 2017 жылғы 27 қаңтарда ол Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС -164\3 мекемесіне жөнелтілген. Содан бері Макс Боқаев та, оның туыстары да бұл ауыстырумен келіспей, бірнеше мәрте арызданған, алайда сот бұл арыздарды қанағаттандырмаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір