• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:59:55
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 NEWS

Жолдау: "Жерді дұрыс пайдаланатын адамға беріңдер!"

Елбасы 2019 жылы мемлекеттік қызметтің 80 пайызы, ал 2020 жылы 90 пайызы электрондық форматқа өтуі тиіс екенін тапсырды.

Бүгін білім жүйесі, тұрғын үй мәселесі, құқық қорғау органдары өзге де өзекті тақырыптарды қаузаған Назарбаев жер мәселесін де назардан тыс қалдырмады.

«Халық арасында маңызға ие мәселелердің бірі жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократиялық процедуралар. Жер қоры жөнінде бірлескен ақпараттық база құруды тапсырамын. Дереу ретке келтіріп, жерді дұрыс пайдаланатын адамға беріңдер! Бұл бір ғана мысал», - дей келе мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тоқталып өтті.

Бұған қоса Елбасы 2019 жылы мемлекеттік қызметтің 80 пайызы, ал 2020 жылы 90 пайызы электрондық форматқа өтуі тиіс екенін тапсырды.

«Бұл үшін «Мемлекеттік қызметтер» туралы Заңды ретке келтіру керек», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Елбасы 5 қазанда Ақорда резиденциясында халыққа Жолдауын жариялады. Жолдауын жарияламас бұрын Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тізіп, алдағы жоспарларды атады.

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір