• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:52:39
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Саясат

Елбасы халыққа Жолдауын жариялауды бастады

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Елбасы 5 қазанда Ақорда резиденциясында халыққа Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жолдауын жарияламас бұрын Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тізіп, алдағы жоспарларға тоқталып өтті.

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсететін болады.

«27 жыл ішінде берік экономикалық ел қалыптастырдық. Шағын және орта бизнес дамып келеді. Сын-қатерлерге дер кезінде назар аудардық, мәселені шешуде белсенді жұмыс істедік», - деді Елбасы.

Елбасының 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазаны өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.

Сонымен қатар, өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.

Ал 2018 жылы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Онда Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады.  үш тілді меңгерген кез келген этникалық топтың өкілі Президент бола алатыны айтылды. 2018 жылы зейнетақы мен жәрдемақының және мұғалімдер жалақысының неше пайызға өсетінін хабарлады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір