• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:15:41
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 NEWS

Елбасы Жолдауынан кейін Ішкі істер министрі ауыса ма?

Елбасы Қазақстанның құқық қорғау органдары жұмысын сынады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында Қазақстан полицейлері туралы да айтып өтті.  

«Халық құқық қорғау органдары, оның ішінде ең алдымен полиция жұмысы түбегейлі  жақсартуын күтіп отыр. Құқық қорғау органдарын жаңарту керек», - деді Назарбаев.

Елбасы бұған дейін де талай рет Қазақстан полицейлерінің жұмысын сынаған болатын.

«Әлемде полицейлер – көшеде кетіп бара жатқан азаматтың, адамның досы болып есептеледі. Ал бізде кім?», - деген еді Назарбаев.

Елбасы полицейлердің барлығын жұмыстан шығарып орнына заңгерлерді алған Грузияны мысалға келтірді. Қазақстанда да мұндай шара қолданылуы мүмкін екенін жасырмады.

Президент көп жылдан бері құқық қорғау жүйесінің жұмысына серпін керек екенін айтып, оны халықтың полицейлерге деген сенімі жоқтығымен түсіндіріп келеді.

Қазақстандықтардың полицейлердің жұмысына көңілі толмайтындығы спортшы Денис Тенді Алматының орталығында, тапа-тал түсте пышақтап өлтіріп кеткенде айрықша сезілді.

Спортшының өлімі халық шыдамының шегі болды. Қазақстандықтар Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың отставкасын талап еткен еді.  

Елімізде мұндай жағдайлардың орын алуы мен халықтың көп жылдан бері полицейлерге сенімсіздік танытатыны ҚР ІІМ жұмысының осалдығы екені жасырын емес.

«Құқық қорғау органдары мен сот жүйесіндегі қызметкерлерге қатал талап қою керек. Олардың жұмысы, моральды-этикалық қалыбы керемет болуы шарт», - деген еді.

Осыдан екі жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев халықтың полицейлерге деген көзқарасы өзгеруі керек екенін айтып өткен. Олардың қызметі ең алдымен халыққа көмектесуге бағытталуы керек екенін айтты. Алайда екі жылдан бері халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім азаймаса, артпады. Яғни екі жылдан бері нәтиже жоқ.

ҚР Президенті бүгінгі халыққа Жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысын әдеттегідей сынап өткенін ескерсек, Ішкі істер министрі орнын босатуы әбден мүмкін. 

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір