• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:19:43
Алматы
+35°

25 Қазан, 2018 Әдебиет

Қарин «Тұлпар мініп, ту алды», Майғазиев ше?

Ерлан мырзаның уақыт тауып, белсенділік танытқаны бөріктінің намысы бір екендігін дәлелдей түскендей.

Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
... Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай бопты, - деп басталатын Алпамыс батыр жырының үзіндісін жатқа оқу әлеуметтік желіде кеңінен тарап, талқыланып жатыр. Көпшілігіміз мектеп кезде оқыған бұл жырды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында танымал жұлдыздар мен зиялы қауым өкілдері эстафета жариялады.

Бұл эстафета Алматы қаласы Білім басқармасының жалпы жүлде қоры 12 млн теңгені құрайтын  "Тұлпар мініп, ту алған" әдеби-танымдық байқауын жариялағаннан кейін бастау алған болатын. Алайда аталмыш республикалық байқау өз мәресіне жетті.

♦«Тұлпар мініп, ту алған» Ұлттық байқауының қорытындысы шықты

Бір ай бұрын ақын Қалқаман Сариннің эстафетасын жалғап, Берік Уәли бір үзінді оқып беріп, келесі кезекті Ерлан Қаринге ұсынған болатын. Бір ай бойы үндемеген ұлттық арна басшысы эстафетаны кеш болса да жалғап, фейсбук оқырмандарын, жалпы жұртшылықты бір қуантып тастады. Қамшы сайты аталмыш эстафетаны қолдау мақсатында «Бөріктінің намысы бір немесе Ерлан Қаринге қандай эстафета жолданды?» деген материал жариялаған болатынбыз.

♦Бөріктінің намысы бір немесе Ерлан Қаринге қандай эстафета жолданды?

Ерлан мырзаның уақыт тауып, белсенділік танытқаны бөріктінің намысы бір екендігін дәлелдей түскендей. Дегенмен Сәкен Майғазиев Бекжан Тұрыстың эстафетасын екі ай өтсе де жалғамады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір