• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:35:56
Алматы
+35°

27 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Бөріктінің намысы бір немесе Ерлан Қаринге қандай эстафета жолданды?

Кейіннен ақын Қалқаман Сарин бұл эстафетаны жалғап, Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиге табыстаған болатын.

Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
... Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай бопты, - деп басталатын Алпамыс батыр жырының үзіндісін жатқа оқу әлеуметтік желіде кеңінен тарап, талқыланып жатыр. Көпшілігіміз мектеп кезде оқыған бұл жырды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында танымал жұлдыздар мен зиялы қауым өкілдері эстафета жариялады. 

Бұл эстафета Алматы қаласы Білім басқармасының жалпы жүлде қоры 12 млн теңгені құрайтын  "Тұлпар мініп, ту алған" әдеби-танымдық байқауын жариялағаннан кейін бастау алған болатын.  

Эстафетаны ақын Серік Сейітман бастап, танымал актер Бекжан Тұрысқа жолдады.

Кейіннен Бекжан Тұрыс қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Сәкен Майғазиевке жолдаған болатын.

Алайда Сәкен Майғазиевтің аталмыш бастаманы іліп әкетуге қолы тимей жүр ме, белгісіз, әзірге "Алпамыс батыр" жырын жатқа оқыған видеосын әлеуметтік желіге жариялаған жоқ. 

Кейіннен ақын Қалқаман Сарин бұл эстафетаны жалғап, Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиге табыстаған болатын.

Осыдан біраз уақыт бұрын ғана жаңа қызметке тағайындалған Берік Уәли өзінің өмірдегі досы Qazaqstan телекорпарациясының басшысы Ерлан Қаринге жолдады. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Батырлар жырын жатқа айтудан өтіп жатқан "Тұлпар мініп, ту алған" ұлттық жобасын қолдау мақсатында досым Қалқаман Сарин маған эстафета жолдап, "Алпамыс батыр" жырынан үзінді оқуға шақырған еді. "Алпамыс батыр" өздеріңіз білесіздер өткен дәуірдің салт-санасы, ғұрпы айқын бейнеленген ең көне жырлардың бірі. Мен қазір осы жырдан үзінді оқып, бұл эстафетаны әрі қарай досым Ерлан Қаринге жолдамақпын. @erlankarin Етек-жеңін түрініп, Қынап белін буынып, Тәуекел деп Аллалап, Жолға мойын бұрыпты... Жақындасып келгесін, Елін аман көргесін, Қайғының бәрін ұмытты. Барса елдер дін аман, Малы шықты қорадан. Күңіреніп Қоңырат, Жүгіре шықты алдынан. Есіткен халық қалмады Ханы менен қарадан. Қыз-бозбала, жас-кәрі Қалмапты ешкім қаладан. Кеше кетті десе де Өтіпті он ай арадан БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫП ЖҮРЕЙІК, ДОСТАР! "ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН" жобасын қолдау мақсатында, "Алпамыс батыр" жырын оқу эстафетасы! @kalkaman_sarin @almaty_akimat @serik_seitman @dastur_media @qazaq_epos @maral_zhumageldi @aktotyzhumabek @_bk_29 #АлпамысБатырЖыры #Эстафета

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Бұл эстафета кітаптан гөрі смартфонға жақын жастар арасында қазақ әдебиетін, жыр-дастандарды насихаттауға өз ықпалын тигізері анық.  

Еске сала кетейік, "Алпамыс батыр" жырын жатқа оқитын 14 жастағы Михаил Шуттың жыр оқып тұрған сәтіндегі видеосы желіде қызу талқыға түскен болатын. Өзге ұлттың баласы қазір Алматы қаласындағы қазақ мектебінде оқиды. Жырды мүдірмей жатқа айтатын Михилге қарап сүйсінесің.  14 жастағы орыс баласы қазақ тілін үйрене алмай жүрген азаматтардың намысын қамшылай түседі деген үміттенеміз. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір