• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:49:59
Алматы
+35°

27 Қыркүйек, 2018 Әдебиет

«Тұлпар мініп, ту алған» Ұлттық байқауының қорытындысы шықты

Айтпақшы, үш күннен бері біраз кісілер телефонымызға тыным бермеді.

Бүгін «Тұлпар мініп, Ту алған» Ұлттық байқауын қорытындыладық. "Мамырдың ортасында жарияланып, ел ішінде ерекше қолдауға ие болған жобаға Алматының 1300-ден астам оқушысы қатысты. Әкімдік бекітіп берген ереже мен медиажоспар бойынша, қыркүйектің 10-19-ы аралығында өткен аудандық кезеңде әр ауданнан 3 жеңімпаз анықталып, 8 ауданнан жалпы 24 бала қалалық қорытынды кезеңге жолдама алды.

«Кіл мықтыда кім мықты?» дегендей, «мыңнан – тұлпар» шыққандардан «жүзден – жүйрікті» анықтау Өмірзақ Айтбаев, Уәлихан Қалижан, Қали Сəрсенбай, Тынысбек Қоңыратбаев, Темірхан Тебегенов, Серікқазы Қорабай сынды академиктер мен ғылым докторлары және профессорлар мен қабырғалы қаламгерлерден құралған қазылар алқасы үшін оңайға соқпады. Сондықтан да сайыс үш турға ұласып, қазылар жеңімпаздарды анықтау үшін ақылдасу бөлмесіне бірнеше рет баруға тура келді. Әділдіктің алдындағы зор жауапкершілікті мойындарына алып, ортақ шешім қабылдаған қазылар алқасына ұйымдастырушылар тарапынан алғыс айтамыз.

Айтпақшы, үш күннен бері біраз кісілер телефонымызға тыным бермеді. Олардың көпшілігі «Балама жеңіс алып бер, жүлденің көлемді бөлігі сенікі болады» деп хабарласқан ата-аналар (олардың ішінде әлеуметтік желіде қазір белсенді болып жатқандары да бар). Ал біз «Кім мықты? Оны анықтайтын қазылар!» деген уәж айтып, сол сөзімізде тұрдық.

БҮГІНГІ ЖЕҢІМПАЗДАР:
I орын: Аружан Абсаттар,
II орын: Абылай Бердашев,
III орын: Бекзат Шардарбек.

ЫНТАЛАНДЫРУ СЫЙЛЫҒЫ:
- Шыңғысхан Армия,
- Мәншүк Арыстанбек,
- Санат Ғизатұлы.

Серік Сейітманның фейсбук парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір