• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:14:36
Алматы
+35°

18 Қыркүйек, 2018 Спорт

"Канело 2-рет допингпен ұсталды"

Бейресми дерекке қатысты Ерлан Қарин өзінің фейсбук парақшасы арқылы жауап берді.

Головкин мен Альварестің жекпе-жегінен кейін халық түрлі пікір білдіріп жатты. Бірі "Генаны чемпион", десе енді бірі "бұл бокс емес бизнес болды", деп пікір қалдырды. Жақында "Канело 2-мәрте допингпен ұсталды. Ресми көрсетілім Qazsport арнасында 20 қыркүйек, сағат 20:00-де өтеді" , — деген жалған ақпар тарады.    

Головкин

Бейресми дерекке қатысты "Qazaqstan" телекорпорациясының басшысы Ерлан Қарин өзінің фейсбук парақшасы арқылы жауап берді. 

"Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңілімен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі бері көптеген азаматтар мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр. Ешқандай да қайта жекпе-жек жуырда болмайды.  Кез келген жекпе-жек бірнеше ай бұрын дайындалады, ондай болатын болса, міндетті түрде арнайы xабарлаймыз", деп жазды Ерлан Қарин. 

Еске салсақ, 16 қыркүйекте Головкин-Альварес жекпе-жегі өтіп, Головкин "Канелоға" есе жіберген еді. Алайда қос боксшы 5 мамырда үшінші рет рингте кездесуі мүмкін. Бұл туралы Головкиннің бапкері Санчес мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір