• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:26:17
Алматы
+35°

17 Қыркүйек, 2018 Спорт

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі мамыр айында өтуі мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sport.kz сайтының дерегін негізге ала отырып. Бұл туралы Головкиннің бапкері мәлімдеді. 

"Мен бизнес тұрғысынан қарағанда барлық мүмкіндікті "Канело" ғана емес, Головкин де өз пайдасына асыру керек деп есептеймін. Головкин мен Альварес стилдік жағынан алып қарағанда бір-біріне сай келетін қарсылас. Эрик Гомес жекпе-жектен кейін менің қасыма келіп, "біз тағы да үшінші жекпе-жекті өткізуіміз қажет" деді. Ал мен болса Томмен ақылдасу керектігін айттым. Менің ойымша, 5-мамыр бұл жекпе-жекті өткізуге қолайлы уақыт", дейді Санчес. 

Ал Головкин жылдың соңында не 2019 жылдың қаңтар айында рингке оралуы мүмкін бе деген сұраққа да бірден "жоқ", деп жауап берді. Санчестің айтуы бойынша, Головкинге қазір демалыс қажет. 

"Головкин бірнеше жекпе-жекте жақсы өнер көрсетті. Мен қазір оның демалыс алғанын құп көремін. 2019 жылдың алғашқы айларында ғана 5 мамыр күні өтетін реваншқа дайындықты бастаса деймін", деп жауап берді Санчес. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір