• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:25:36
Алматы
+35°

16 Қыркүйек, 2018 Спорт

Ғасыр жекпе-жегінің нәтижесі белгілі болды

Миллиондар күткен жекпе-жек Лос-Анджелестегі талай жекпе-жектің куәсі болған 20 мың адамға арналған T-Mobile аренасында өтті

Бүгін Геннадий ғасыр жекпе-жегі «GGG» Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек Лос-Анджелестегі талай жекпе-жектің куәсі болған 20 мың адамға арналған T-Mobile аренасында өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.Тек қазақстандықтар ғана емес миллиондаған жанкүйер асыға күткен жекпе-жекте Канело жеңіске жетті.

Алғашқы раунд басталысымен екі былғарып шебері де ашық айқасқа кірісті. "Канело" өзінің тактикасын өзгерткен. Алғашқы 2 раундта қос боксшы да тең дәрежеде өнер көрсетті. Кейінгі раундтарда бірде Головкин бірде Альварес басым түсіп отырды. Ал 5 раундтан кейін Альварестің қабағы жарылды. Десе де қос боксшы да соққыларға төзімділік танытып, сыр білдірмеуге тырысты. 8-раундтан кейін Головкин ауыр соққылар жасай бастады. Альварес те Головкиннің тактикасын түсінгендей қорғанысты күшейтті. 10 раундта Головкин мен Альварес шаршай бастады. Жанкүйерлердің көбісі 10-11 раундта нокаутқа куә боламыз деп күткен, алайда айқас 12 раундтқа созылды. 

Еске салсақ, 17 қыркүйекте Головкин мен Альварес T-Mobile аренасында кездесіп, жекпе-жектің қорытындысы тең аяқталған болатын. Алайда көпшіліктің пікірі екіге жарылып, жанкүйерлер реваншты асыға күтті. 

Реванш биылғы жылдың мамыр айына жоспарланған болатын. Алайда допинг дауына байланысты екі тарап келісімге келе алмады. 

Салмақ өлшеу кезінде Головкиннің салмағы "Канелодан" 91 грамм ауыр болып шықты. Көз түйістіру рәсімінде Альварестің жүйкесі сыр бергендей көрінген. 

Геннадий Головкин осыған дейін 39 жекпе-жек өткізіп біреуінде ғана тең түскен болатын. Ал  Саул Альварес болса 52 кездесуінің екеуінде тең түсіп, Флод Мейвезерге есе жіберген. 

Елбасы бүкіл әлем күткен жекпе-жекке дейін Головкинмен кездесіп оған жеңіс тілеген. Головкин өз кезегінде Елбасыға WBC, WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасында бокстан алған чемпиондық белдіктерін сыйға тартты. 

Өз салмағында ешкімге есе жібермеген Головкин Канеломен кездесуін соғысқа балаған еді. Қос былғары қолғап шебері де бұл жекпе-жекті нокаутпен аяқтауға уәде берген. Алайда жекпе-жектің қорытындысын төрешілер мәлімдеп, Головкин "Канелоға" есе жіберді. Головкин чемпиондық белдіктерінен айырылып қалды. Ал бұл Головкиннің соңғы жекпе жегі болуы мүмкін деген ақпар бар. Алайда бұл туралы Головкин 15 қыркүйектен кейін мәлімдейтінін айтты.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір