• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 23:42:46
Алматы
+35°

14 Қараша, 2017 NEWS

Сириядан Грозныйға жеткізілген қазақстандықтар елге қайтарылады

Сириядағы соғыс аймағынан Грозныйға жеткізілген Қазақстанның бес азаматы таяу уақытта отанына жеткізіледі.

Сириядағы соғыс аймағынан Грозныйға жеткізілген Қазақстанның бес азаматы таяу уақытта отанына жеткізіледі деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Астанада үкімет жиынынан соң журналистерге комментарий берген Жайнақовтың айтуынша, Орал қаласының тұрғыны - 1988 жылы туған әйел мен оның төрт баласы басқа бір топ ресейлікпен бірге 13 қараша күні кешке Грозныйға арнайы рейспен жеткізілген.

"Оларды Грозный әуежайында Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қызметкерлері күтіп алды. Әйелдің үлкен баласының жасы 5-те - 2012 жылы туған, кіші баласы жасқа толмаған" деген Жайнақов қазақстандықтарға қатысты басқа ақпарат бермеді.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 13 қараша күні кешке Сириядағы соғыс аймақтарынан Ресейдің 34 азаматы, бес Қазақстанның бес азаматы мен Өзбекстанның екі азаматы - барлығы 41 әйел мен баланың Грозныйға жеткізілгенін хабарлаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір