• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 11:27:19
Алматы
+35°

09 Қараша, 2017 NEWS

Сириялық лагерьден 44 әйел мен бала шығарылды, ішінде қазақстандықтар бар

Сириялық лагерьлерден 44 әйел мен балалар шығарылды, олардың 11-і Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары

Сириялық лагерьлерден 44 әйел мен балалар шығарылды, олардың 11-і Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыровқа сілтеме жасаған «Известия» басылымына сүйеніп. 


«Барлығыңызды қуантқым келеді, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріндегі менің өкілім Сирия лагерьлерінде жүрген 44 әйел мен балаларды алып шықты. Олардың ішінде 9 бала мен 2 әйел Өзбекстан және Қазақстан азаматтары. Қалғандары – Башқортстанның, Дагестанның және басқа да өңірлерден барған ресейліктер мен Шешенстанның 10 әйелі мен балалары», - деп жазады бейсенбіде өзінің  Instagram парақшасында Р. Кадыров.


«Өзбекстан мен Қазақстаннан барған әйелдер мен балалар туралы біліп, мен Зияд  Мухаммедовичке (Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы Шешенстан Республикасы басшысының өкілі  Зияд Сабсаби – ҚазТАГ) оларды алып шығуға барынша күш салуын өтіндім.  Егер қазір солай жасамасақ, олар бас бостандығынан айыру орындарында жылдап отыруларына тура келеді, тіпті мына тозақтан аман қалса да. Не десек те, балалар өздеріне жақын, тумаларының қасында болады.  Жақын арада, мүмкін келер аптаның басында 44 адамнан тұратын топ Грозныйға жеткізіледі. Қазір барлық ұйымдастырушылық мәселелер  аяқталуда», - деп атап өтті Шешенстан басшысы.


Бұған дейін хабарланғандай, Р.Кадыровтың айтуынша, 2 қыркүйекте Грозныйға З.Сабсабимен бірге ТМД азаматтарының кезекті тобы бар борт  Ирактан келді. Ұшақ 12 адамды әкелді, 4 әйел және 6 ай - 9 жас аралығындағы 8 бала.  Оның ақпарынша, келушілер арасында үш баласы бар Қазақстан азаматы да болған.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір