• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 22:55:47
Алматы
+35°

"Bek Air" әуе компаниясының Fokker-100 маркалы әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты  тергеу жұмысы аяқталды. 

Тергеу барысында 4 мыңнан астам тергеу жұмысы жүргізілген. Оның ішінде 2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу, 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеу жұмысы жасалған.

"Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және тағы басқа шет мемлекеттерге халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініш беріліп, іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды", – делінген Көліктегі полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір