• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:46:52
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 NEWS

Шудағы пойыз апаты: Сағынтаев тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Шудағы пойыз апатынан қаза тапқан баланың жақындарына көңіл айтты.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Шудағы пойыз апатынан қаза тапқан баланың жақындарына көңіл айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Қарағанды облысының әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» басшылығына баланың отбасына қажетті көмек көрсетілуін тапсырды.

«Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендердің сапалы емделуін қадағаласын. Ішкі істер министрлігі мен Инвестиция және даму министрлігі, ҚТЖ Ұлттық команиясымен және өзге де мемлекеттік органдармен бірігіп вагондардың аударылу себебін анықтасын, түпкілікті тергеу жүргізсін. Тергеу барысын өзім бақылайтын боламын. Қанат Қалиұлы (Алпысбаев – «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ басқарма басшысы), тергеуді соңына дейін жеткізіңіз» , - деді Бақытжан Сағынтаев жиын барысында.

Сонымен қатар үкімет басшысына зардап шеккендердің саны хабарланды.

«Апат салдарынан 23 жолаушы зардап шекті, бір адам қайтыс болды. Тағы біреуінің аяғы сынып, ауруханаға жатқызылды», - деді Қанат Алпысбаев.

Алпысбаевтың айтуынша, компания қаза болған жеткіншектің отбасына тиісті көмекті көрсетіп жатыр. ҚТЖ Ұлттық компаниясы оның отбасына 1 000 МРП көлемінде өтемақы төленеді. Сонымен қатар ауыр түрде зардап шеккендердің еміне бір миллион теңгеге дейін төлеу туралы шешім шықты.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шудағы пойыз апаты салдарынан қаза тапқандардың бары жайлы ақпарат тарады. Қаза тапқан 12 жастағы баланың денесі туған жеріне жеткізілді. Алексей Мельнев Қарағанды облысында бүгін жер қойнына тапсырылады. Ал апаттан зардап шеккен тағы бір жолаушыға кеше ота жасалды. 48 жастағы Астана тұрғынының халі қазір жақсы. Пойызда болған жолаушылардың 10-нан астамы дәрігерге қаралды.

17 маусымда сағат 13:25 шамасында Сары-Шаған - Шу станциясында Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының 8 вагоны рельстен шығып кеткен болатын. Кеше пойыз жүргізушісі ұсталды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір