• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:56:52
Алматы
+35°

17 Маусым, 2018 NEWS

Шу маңындағы пойыз апатынан бір адам қаза тапты (видео)

Бүгін Жамбыл облысында жолаушылар пойызының аударылған туралы әлеуметтік желіде видео тарады

Бүгін Жамбыл облысында жолаушылар пойызының аударылған туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Оқиғаға душар болғандардың айтуынша, 6 вагон рельстен шығып кеткен. Жолаушылар өз күштерімен пойыздан шығып жатыр. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Turaninfo.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 13.25-те Төтенше жағдайлар департаментіне Шу мен Шығанақтың ортасында Алматыдан Астанаға қатынайтын пассажирлік 09 — Бәйтерек пойызы аударылғаны туралы ақпарат түсті. 6 вагон рельстен шығып, 3 вагон аударылған. Қазіргі уақытта 1 жасөсіпірім қаза тауып, 4 адам аудандық ауруханаға жөнелтілді. Екінші жолға пойыз келіп, жолаушыларды Шуға жеткізуде, ал қалғандарына автобустарды ұйымдастырып жатырмыз» — деп мәлімдеді Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Сауле Мұнатаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір