• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:44:29
Алматы
+35°

29 Маусым, 2018 Саясат

Қазақстандық депутаттар демалысқа шықты

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ҚР парламентінің кезекті сессиясының аяқталғанын мәлімдеді.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ҚР парламентінің кезекті сессиясының аяқталғанын мәлімдеді.

«Бүгін ҚР парламентінің үшінші сессиясын аяқтаймыз. Бұл жұмысты қорытындылау ғана емес, алдағы мақсаттарды жүзеге асыруға күш-жігермен оралу. Депутаттың корпустың бар жұмысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшінші сессияның ашылуында тапсырған стратегиялық тапсырмаларды орындауға жұмсалды», - деді Нығматулин.

Оның айтуынша, парламенттің алтыншы шақырылымының үшінші сессиясы тарихи кезеңдерге толы болды. Мәселен, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етті, елде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтті, сонымен қатар Астанада Сириядағы қақтығыс мәселесін бейбіт түрде реттеу процесі өтті. Бұдан өзге Елбасы парламент қабырғасында «Бес әлеуметтік бастаманы» көтерді.

«Бұл бастамаларды жүзеге асыруда депутаттардың рөлі зор болды. Елбасының заңнамалары мен  бастамалары парламенттің үшінші сессиясында депутаттар үшін ең жауапты іс саналды», - деп қостады мәжіліс спикері.

Сонымен қатар Нығматулин Елбасының тапсырмаларын орындау барысында парламенттің нақты атқарған жұмыстарына ерекше тоқталып өтті. «Төрт мәрте палата отырысы өтті, 38 пленарлы мәжіліс және 25 пленарлы сенат отырысын өткіздік. 400-ге жуық маңызды мәселелер көтерілді. Үшінші сессия басталар бұрын екі палатада 129 заңнама бекітілген, оның 84-і қабылданды. 65іне Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып, күшіне енді», - деп сөзін қорытындылады Нұрлан Нығматулин.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір