• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:27:28
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2017 Саясат

Астанада Сирия жөніндегі «техникалық» кездесу басталды

Бүгін Астанада Сирия бойынша Ресей Иран, және Түркия делегациялары мен БҰҰ өкілі бас қосқан бірлескен жедел топтың отырысы басталды, деп хабарлайды

Бүгін Астанада Сирия бойынша Ресей Иран, және Түркия делегациялары мен БҰҰ өкілі бас қосқан бірлескен жедел топтың отырысы басталды, деп хабарлайды "Қамшы".

Отырыста өткен жылғы желтоқсанның 29-ы күні жасалған келісімге сәйкес орнаған бейбітшілік тәртібін бақылауға қатысты мәселелерді талқылау жалғасын табады.

Бұған дейін қаңтардың 23-24 күндері Астанада өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия ресми өкілдері Сириядағы атысты тоқтату тәртібін қадағалаудың механизмін құру туралы келіскен. Бүгін Астанада механизмның жай-жапсарын және оның іске асырылуын талқылайды.

Ресейдің қорғаныс министрі мұндай кездесулер енді Астанада жиі өтіп тұратынын мәлімдеді. Өз кезегінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі басшысы Қайрат Абдрахманов жұма күнгі кездесу техникалық сипатта өтетінін жеткізген еді.

Кездесуде Ресей, Түркия, Иран мен БҰҰ, сондай-ақ, Иорданияның да өкілдері қатысатын болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір