• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 02:35:56
Алматы
+35°

12 Шілде, 2018

Қазақ сахнасына сыймаған қазақ әншіні Беларусь төріне шығарды

Беларусияда Қазақстанның танымал әншісі Роза Рымбаеваның есімі жазылған жұлдыз орнатылды.

Беларусияда Қазақстанның танымал әншісі Роза Рымбаеваның есімі жазылған жұлдыз орнатылды.  Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Менің қымбаттыларым! Бүгін Витебск қаласындағы Жұлдыздар алаңында менің есімім жазылған жұлдыз ашылды. Славян базары өнер фестивалінің басшылығына және ел президенті Лукашенкоға осындай керемет фестиваль ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын. Мен бақыттымын! Розаларыңыз қашан да сіздермен», - деп жазды Роза Рымбаева парақшасында.

 

#РозаРымбаева #RozaRymbaeva #RozaTeam #ЗвездаЗвезде

A post shared by Роза Рымбаева (@rozarymbaeva) on

Айта кетейік, қазақтың эстрадалық әншісі, актриса, педагог-профессор Роза Қуанышқызы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын кештерден бірнеше жылға шеттетілгені жайлы мәлімдеген еді. 

Бұдан бұрын әнші «рояль жоқ екен» деген бір ауыз сөзі үшін туған қаласы Семейдің кештерінде өнер көрсету мүмкіндігінен айырылған. Кейін мәдениет министрлігі ұйымдастырған кештерден де бес жылға дейін шеттетілді. Мұны Роза Қуанышқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты кезінде айтқан болатын. Бұған қоса әнші Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік кештерде де бой көрсетпеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір