• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:59:32
Алматы
+35°

03 Шілде, 2018

Роза Рымбаеваның сахнадан шеттетілгеніне қатысты министрлік жауап берді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Роза Рымбаеваның шығармашылығына қашан да ерекше таңданыспен қарайды екен.

Роза Рымбаева ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын кештерден бірнеше жылға шеттетілгені жайлы мәлімдеген еді. Министрлік Қазақстан халық артисінің сынына жауап беріпті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Роза Рымбаеваның шығармашылығына қашан да ерекше таңданыспен қарайды. Әлемдік аренада Қазақстанның орнын қалдырған Роза Қуанышқызына шығармашылық табыстар тілейміз. Қазақ халқын әндерімен қашан да қуантып жүре берсін», - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Роза Рымбаева «рояль жоқ екен» деген бір ауыз сөзі үшін туған қаласы Семейдің кештерінде өнер көрсету мүмкіндігінен айырылған. Кейін мәдениет министрлігі ұйымдастырған кештерден де бес жылға дейін шеттетілді. Мұны Роза Қуанышқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты кезінде айтқан болатын. Бұған қоса әнші Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік кештерде де сахнаға шықпайтынын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір