• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:44:00
Алматы
+35°

12 Маусым, 2018 NEWS

Қаскелеңдегі тұрғындардың жағасын ұстатқан аурухана: Біртанов талап қойды

Алматы облысының әкімдігі аурухананы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу туралы шешім қабылдаған

Қаскелеңдегі инфекциялық аурухана шілденің аяғына дейін күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуі тиіс. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет сағаты барысында айтты.

Алматы облысының әкімдігі аурухананы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу туралы шешім қабылдаған. Біртанов әкімдіктің бұл шешімін құптағанымен, ауруханаға қатысты наразылығы барын білдірді. 

«Біздің қолымызда Қоғамдық денсаулық қорғау Комитетінің анықтамасы бар. Онда объектінің санитарлық нормаларға сай келмейтіні жайлы жазылған. Әкімдікке бұйрық берілді, шілденің соңына дейін қалпына келтіру керек. Қайта тексеру жүреді, егер ескертулер орындалса, аурухана өз жұмысын жалғастыра алады. Алайда ол мемлекеттік нормативке сай келмейді. Сол себепті біз аудандық ауруханамен біріктіруді ұсынамыз. Жеке аурухана ретінде емес, құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс істейді. Бұл қызмет көрсету сапасының артуына септігін тигізеді», - деді Біртанов үкімет сағатында.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  маусымда таңғы жуық 19 жастағы бойжеткен көз жұмған Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханаға барды. Кейін аурухананы жабу туралы бұйрық берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір