• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 19:00:40
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 NEWS

Қаскелеңде тұрғындардың жағасын ұстатқан аурухана жабылатын болды (фото)

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қаскелеңдегі тұрғындардың жағасын ұстатқан инфекциялық аурухананың жабылуын талап етті.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қаскелеңдегі тұрғындардың жағасын ұстатқан инфекциялық аурухананың жабылуын талап етті.

«Қаскелеңдегі инфекциялық аурухананың жайын айтар болсақ: жағдайы тым нашар. Сол себепті мекемені жауып, науқастардың қалалық ауруханаға көшірілуін тапсырдым. Қаскелеңдегі ауруханаға барғанда аналармен сөйлестім. Олар жедел-жәрдемді 40 минут бойы күткендерін айтып шағымданды. Мен бас дәрігердің әкімшілік жауапкершілікке тартылуын тапсырамын, талап етемін», - деді Біртанов.

Қаскелең

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының тұрғыны Қаскелеңдегі инфекциялық аурухананың жағдайын видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Сөзі сенімді болу үшін әйел дәліз бен дәретханадағы сынған плиткаларды әрі құлауға шақ қалған қабырғаларды көрсетті.

Қаскелең

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір