• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:21:58
Алматы
+35°

27 Маусым, 2018 Оқиғалар

Мектеп оқушысын соққыға жыққан экс-әкімге 35 мың айыппұл салынды

Оқиға Қорғалжын ауданы А.Төлеубаев атындағы орта мектебiнiң жанындағы мектеп интернатында болған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданына қарасты ауыл округінің  экс-әкімінің мектеп оқушысын соққыға жыққаны расталды және  экс-әкімге сот тарапынан айыппұл салынды.  Бұл жайында Tengrinews жазады.

— Қорғалжын аудандық соты Жанат Омаровты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабының 1 тармағында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағаны үшiн айыпты деп таныды. Сот шешімімен Омаров зардап шеккен Диас Мұқанның денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды, - деді Ақмола облыстық соттың баспасөз хатшысы Күләш Домалақова.

Сот экс-әкімге 35 мың көлемінде айыппұл салды.

— Бұл жазалау шарасы құқық бұзушының қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі әрекетін және оның жеке басын сипаттайтын қасиеттерін ескере отырып, ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп тағайындалды, - дедеі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінде.

Оқиға Қорғалжын ауданы А.Төлеубаев атындағы орта мектебiнiң жанындағы мектеп интернатында болған. Жəбірленушінің айтуынша, ауыл əкімі ұлын аяусыз соққыға жыққан. 

диас мұқан

–Мен, Бекжанова Айгүл Қапанқызы 03.08.1981 ж.т. жәбiр көрушi анамын. Ұлым Мұқан Диас Төлегенұлы 11.01.2004 ж.т. Қорғалжын ауданы А.Төлеубаев атындағы орта мектебiнiң 8-сынып оқушысы. Ұлым, Мұқан Диас Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округi әкiмi Омаров Жанат Жұматайұлы (11.09.1982 ж.т.) тарапынан соққыға жығылды, - деп жазған еді Диас Мұқанның анасы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір