• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 01:40:00
Алматы
+35°

25 Ақпан, 2018 NEWS

Мүгедек ана: Ауыл әкiмi 8-сынып оқитын баламды тепкіледі

Бала есiнен мүлде айырылып, тiлi күрметiлiп, тiлiн шайнай бастайды. Бiр бөлмеде тұратын балалар шошып, не iстерлерiн бiлмей тұрып қалған.

Оқиға Қорғалжын ауданы А.Төлеубаев атындағы орта мектебiнiң жанындағы мектеп интернатында болған. Жəбірленушінің айтуынша, ауыл əкімі ұлын аяусыз соққыға жыққан. Бұл туралы Facebook əлеуметтік желісінің қолданушысы Назгүл Нұртай өз парақшасында жазды.  Qamshy.kz ақпарат агенттігі соққыға жығылған баланың анасына хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрады. 

–Мен, Бекжанова Айгүл Қапанқызы 03.08.1981 ж.т. жәбiр көрушi анамын. Ұлым Мұқан Диас Төлегенұлы 11.01.2004 ж.т. Қорғалжын ауданы А.Төлеубаев атындағы орта мектебiнiң 8-сынып оқушысы. Ұлым, Мұқан Диас Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округi әкiмi Омаров Жанат Жұматайұлы (11.09.1982 ж.т.) тарапынан соққыға жығылды, - деп жазды үшінші топтағы мүгедек ана.

әкім

–Бұл жағдай қалай болғанын басынан баяндайын. 22.02.2018 жылы ауыл әкiмiнiң, яғни, Омаров Ж.Ж. ұлы Жұматаев Нұрислам Жанатұлы (14.10.2005 ж.т.) мен менiң ұлым қоңырау кезiнде сөзге келiспей шектiгiсiп қалады, Диас әкiмнiң ұлының көзiн көгертедi. Бiрақ мектеп iшiнде өзара директордың орынбасары және сынып жетекшiлерi екеуiн татуластырады. Сабақ бiткеннен соң Диас сол мектеп жанындағы интернатқа кеп, түскi асын iшiп, кiтап оқуға кiрiседi. Кенеттен Омаров Жанат есiктен жұлқына кiрiп, «Диас деген кiм?» деп айқай салады. Диас орнынан тұра бергенде, «әне, ол» деген бiр баланың дауысы шығады. Омаров Жанат Диастың жағынан бiр салады, бала қасында тұрған шкафқа басын соғып, есiн жоғалтады. Жерге сұлап түскен баланы ӘКIМ БАСЫНАН ҮШ РЕТ, КЕУДЕСIНЕН БIР РЕТ ТЕПКIЛЕЙДI. Бала есiнен мүлде айырылып, тiлi күрметiлiп, тiлiн шайнай бастайды. Бiр бөлмеде тұратын балалар шошып, не iстерлерiн бiлмей тұрып қалады. Сол жерде Диасқа медициналық алғашқы көмек көрсетiлiп, Қорғалжын аудандық ауруханасына сағат 13.00-де жедел жәрдеммен жеткiзiледi. Ауруханада бала есiн бiлмей бiр тәулiк жатты. Мен, анасы, ести сала ауруханаға барғанымда, баланың еш жерi сынбаған, «легкий степень сотрясение» деп анықтамасына жазып бердi. Сол жерде Қорғалжын АIIБ қызметкерi келiп, арыз жаздыртып алып кеттi. 23.02.2018 жыл кешкi сағат 22:00-де аурухана меңгерушiсiне айтып, Астана қаласына толық тексеруден өткiзуге алып кеттiм. Астана қаласының №2 ауруханасына 23.02.2018 ж.сағат түнгi 12 шамасында келiп түстiк. Қазiр ұлым осы аурухананың нейрохирургия бөлiмiнде жатыр. Толық тексеруден өттi. Есiн емiс-емiс бiледi. Сөзге келдi. Жүре алмайды, басы айналады, жүрегi айныйды. Бүгiн 25.02.2018 ж. нейрохирург дәрiгер тексерiсiнде балам саусағын мұрын ұшына апара алмады. Ендi дәрiгерлер дүйсенбiде томографияға басын түсiретiн болды, - дейді Диастың анасы Айгүл Бекжанова. 

анықтама

справка

Айгүл Бекжанова — үшінші топтағы мүгедек, Қорғалжын ауданы Екпiндi ауылы мектебiнiң мұғалiмi. 

–Бала ұрмақ түгiлi, қатты дауыс көтерiп ұрыса алмаймыз. Бұл жерде бiлдей бiр АУЫЛ ӘКIМIНIҢ ұлымды сонша ТЕПКЕНIНЕ бейжай қарап отыра алмаймын. Жазасын алсын. Заң алдында жауапқа тартылсын. Қазiр бұл iстi Қорғалжын АIIБ қарастырып жатыр. Астанаға келгенiмiзге бүгiн бiр тәулiк болды. Ешбiр полиция қызметкерi келмедi, - деп өз күйінішін жазды Айгүл Бекжанова.

науқас

Айгүл Бекжанованың айтынша, Диас «Ол мектепке қайта бармаймын. Артымнан іздеп келеді»,- деп есін жия алмай отыр. 

Диастың анасы ұлының болашағы үшін алаңдаулы. «Ұлым да өзім секілді мүгедек бола ма?» деп жанын шүберекке түйіп отыр. 

8-сынып оқушысын соққыға жыққан Қорғалжын ауылдық округi әкiмi Омаров Жанат Жұматайұлына да хабарластық, алайда ауыл әкімі  қоңырауымызға жауап бермеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір