• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:07:18
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2018 Әлем

КХДР мен Оңтүстік Корея арасындағы қауіпті шекара жайлы қызықты деректер

Қарусыздандыру аймағында әлемдегі ең қауіпті гольф алаңы бар. Гольф доптарының сондағы миналы аймақтарға қарай ұшып кетуі әбден мүмкін.

КХДР мен Оңтүстік Корея бір-біріне қарсы құрлықта, теңізде және әуеде қақтығысуға себеп болатын жауластықты жояды. Бұл туралы екі ел басшылары қатысқан саммит қорытындысы бойынша бірігіп жазылған декларацияда айтылған. Құжатта көрсетілгендей, Оңтүстік пен Солтүстік Корей түбегіндегі әскери қысымды түсіруге және соғыс қаупін төмендетуге бірігіп әрекет етеді.

Өткен жұмада Ким Чен Ын демаркациялық аумақ арқылы Оңтүстік Кореяға аяқ басқан КХДР-дің алғашқы басшысы болды. Демилитаризациялық аумақта ол Оңтүстік Корея басшысы Мун Чжэ Инмен кездесті. Екі елдің басшыларының кездесуі әлем үшін үлкен тарихи оқиға болды.

КХДР мен Корея Республикасы арасындағы географиялық сызық 1948 жылы екі елді бөліп тұратын шекараға айналды. Сол жылдардан бері мемлекеттер бір-біріне жау саналып әрі бірінің тұрғыны екіншісінің шекарасынан асып өте алмаған.

Ендігі екі ел арасындағы қауіпті әрі ерекше шекара жайлы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

1.Қарусыздандыру аймағында әлемдегі ең қауіпті гольф алаңы бар. Гольф доптарының сондағы миналы аймақтарға қарай ұшып кетуі әбден мүмкін.

Гольф алаңы БҰҰ-ның базалық күштері шоғырланған аймақта орналасқан. Небәрі үш қуысы бар гольф алаңының жан-жағы миналармен қоршалған.

2.Адамдары сирек қарусыздандыру аймағы жабайы табиғат үшін қолайлы. Онда жабайы аңдар мен сирек кездесетін құстар өмір сүреді.  

Қарусыздандыру аймағының ұзындығы 148 шақырым, ені 4 шақырымға дейін созылып жатыр. Ол аймаққа өтуге қатаң тыйым салынған. Соның арқасында аңдар мен құстардың еркін шоғырлануына ешкім бөгет келтірмейді.

Онда сирек кездесетін жапон тырналарды, гималай аюлары мен бұғыларын және жолбарыстарды кездестіруге болады. Алайда миналы аймақ болғандықтан аңдардың да өміріне қауіп төніп тұр. Ал өліп жатқан аңдардың санын ешкім анықтамайды.

3.Қарусыздандыру аймағында диверсия мен контрабанданы жеткізу үшін тоннель қазылған.

Солтүстік кореялықтар ірі тоннельдерді соғыс бола қалған уақытта Оңтүстік Кореяға жылдам шығу мақсатында қазған. Тоннельдің бірі Сеулге 32 шақырым жетпей аяқталады. Алайда Пхеньян тарапы тоннельдердің соғыс мақсатында салынғанын жасырып отыр. Контрабандалық мақсат та байқалмайды. Қазіргі уақытта ондағы тоннельдер туристерге арналған көрнекі жерге және екі ел арасындағы қақтығыстың символына айналды.

4.Оңтсүтік Корея демилитаризациялық аймаққа шоғырланған фермерлерді салықтан босатады.

Қарусыздандыру аймағының Оңтүстік Кореяға қараған тұсында күріш өсіретін фермалар бар. Онда орналасу үшін талап та жоғары. Корея соғысына дейін бұл аймақтарда фермерлердің жақын туыстары тұрған болуы керек.

Аймақты БҰҰ басқарғандықтан тұрғындар салық төлемейді, ал жастарды әскерге шақырмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір