• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 00:34:14
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2018 Саясат

КХДР мен Оңтүстік Корея ортақ шешімге келді

КХДР және Оңтүстік Корея басшыларының саммитінен кейінгі бірлескен декларацияға сәйкес екі ел қарым-қатынасын жақсартады.

КХДР және Оңтүстік Корея басшыларының саммитінен кейінгі бірлескен декларацияға сәйкес екі ел қарым-қатынасын  жақсартады.

— Солтүстік пен Оңтүстік Корея  қарым-қатынасын толық және жан-жақты жақсартуға, дамытуға ұмтылатын болады.  Осылайша екі ел де гүлдену мен қайта бірігуге бірлесе жұмыс істейді , - делінген құжатта.

Айта кетелік, бүгін  КХДР президенті мен Оңтүстік Корея президенті демаркациялық желіде кездесті. Ким Чен Ын шекарадан өтіп, оңтүстік аймаққа аттап басқан алғашқы КХДР президенті болды.

Диалогтың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін Ким Чен Ын қарсыластықты тоқтатуға, ал Мун Чжэ Ин  екі ел  арасындағы темір жол қатынасын орнатуға шақырды.

Күннің екінші жартысында тараптар Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту, сонымен қатар бірігу перспективаларын талқылауды жоспарлап отыр.

Өткен аптада Ким Чен Ын КХДР ядролық және зымырандық сынақтарды 21 сәуірден бастап тоқтатты деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Пхеньян ядролық қаруды қолданудан бас тартты. Және де Солтүстік Корея ядролық технологияларды басқа мемлекеттерге бермеуге уәде берді.

Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруы Оңтүстік Кореяның Пхенчхандағы Олимпиадаға дайындығы барысында болды.  Солтүстік Корея спортшыларының Олимпиада ойындарына қатысуы, сондай-ақ Оңтүстік Кореяға Ким Чен Ынның әпкесі мен Оңтүстік Корея президентінің арнайы өкілдерінің КХДР-ға сапары әсер етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір