• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:09:37
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 NEWS

Бишімбаевтың әйелі: Біз сот шешімімен келіспейміз. Бұл не сұмдық?

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың жары Назым Бишімбаева күйеуіне қатысты шығарылған сот үкімін аппеляцияға бермек

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың жары Назым Бишімбаева күйеуіне қатысты шығарылған сот үкімін апелляцияға бермек. Бұл жайында ratel.kz жазады.

— Мен сот шешіміне таңқалдым . Біз үкіммен  келіспейміз. Мен және менің күйеуім сот барлық жағдайды ескермеді деп санаймыз. Біз келіспейміз. Біз шағым береміз. (...) Нұрлыбек те, ол да жазаға лайық емес. Біз ақталып шығуға үміттенеміз. Бұл не сұмдық? Ол істемеген ісі үшін сотталып жатыр, - деді сот отырысынан кейін 14 наурызда  журналистерге Назым Бишімбаева.

Айта кетсек, Астана соты бұрынғы ұлттық экономика министрі, сыбайлас жемқорлық айыбы тағылған Қуандық Бишімбаевті 10 жылға соттады

Судья Қуандық Бишімбаевті Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлімі ("Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық ету, сол сияқты қылмыстық топты құру не оған басшылық ету"), 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы ("Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру") бойынша айыпты деп таныды. Сот сонымен қатар Бишімбаевті мемлекеттік басшылық қызметті атқару құқығынан өмірбақиға айырып, қылмыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеуге үкім кесті. Сот бұған қоса президенттің атына экс-министрді мемлекеттік "Құрмет" орденін қайтарып алу туралы ұсыныс жасауға ұйғарды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір