• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:39:32
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 Саясат

Астана соты Қуандық Бишімбаевті 10 жылға соттады

Прокурор Сәуле Сыдықова соттан Бишімбаевті 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұраған.

Астана соты бұрынғы ұлттық экономика министрі, сыбайлас жемқорлық айыбы тағылған Қуандық Бишімбаевті 10 жылға соттады, деп хабарлады Азаттық сот залынан тікелей таратылым жасап.

Судья Қуандық Бишімбаевті Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлімі ("Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық ету, сол сияқты қылмыстық топты құру не оған басшылық ету"), 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы ("Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру") бойынша айыпты деп таныды. Сот сонымен қатар Бишімбаевті мемлекеттік басшылық қызметті атқару құқығынан өмірбақиға айырып, қылмыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеуге үкім кесті. Сот бұған қоса президенттің атына экс-министрді мемлекеттік "Құрмет" орденін қайтарып алу туралы ұсыныс жасауға ұйғарды.

8 ай Ұлттық экономика министрі болған Бишімбаев 2016 жылы 28 желтоқсанда тұтқындалған. 

Қуандық Бишімбаевтың «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы болған кездегі, «Orda Glass» ЖШС мен «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы Қызылордадағы табақ шыны өндіру және өңдеу зауытының құрылысынан бір миллиард теңгені жымқыру бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған деп айып тағылған. Бишімбаев тергеу жұмыстары барысында өзіне қысым жасалғаны туралы мәлімдеген болатын.

Айта кетер болсақ, 30 желтоқсан күні президент Назарбаев бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтқан еді. 

Еске салсақ, 1980 жылдың тумасы, жас кадрлар өкілі болған Бишімбаев «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон Университетін бітірген.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір