• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:08:50
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2018 Спорт

Азия Чемпионатында қазақстандық самбошылар 22 алтын, 16 күміс, 13 қола медаль иеленді. Жалпы медаль саны – 51, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан құрамасы турнир таблицасында 1 орынға жайғасты. Жеңіп алған медальдар саны бойынша екінші орында – Моңғолия құрамасы. Турнир иелері Қазақстанға алтын саны бойынша есе жіберді. Үшінші орында түркімендік самбошылар.

Естеріңізге салайық, мамырдың 11-14 аралығында Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында самбодан ересектер, жасөспірімдер мен жастар арасында Азия Чемпионаты өтті, Қазақстан намысын ұлттық құраманың 65 мүшесі қорғады.  Турнир моңғол самбосының құрылуына 50 жыл толуына арнады. Азия Чемпионаты осы жылы 29 тамыз -1 қыркүйек аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтетін Азия ойындарына дайындық саналады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір