• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 14:00:13
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2024 Оқиғалар

«Жастықпен тұншықтырған». Түркістанда өз балаларын өлтірген әйел ұсталды

Оңтүстіктің полицейлерін аяғынан тік тұрғызған күдікті екінші күн дегенде Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінен ұсталды. Түркістанға жеткізілген оның ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр.

Ашық дерекөзден алынды

Айта кетсек, 7 ақпанда Түркістан қаласында жантүршілік қылмыс болды. Жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың денесі табылып, полиция күдікті ретінде бүлдіршіндердің анасын іздестіріп жатқанын хабарлаған болатын.  

КТК телеарнасының хабарлауынша, жантүршігерлік оқиға болған күні 31 жастағы әйелдің туған күні болыпты.

«Қызылорда облысының тумасы Түркістанға қыдырып келген екен. Киелі шахарда пәтер жалдап тұрған. Шиелі ауданындағы Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде тәрбиеші болып жұмыс істеп келген 31 жастағы әйелдің Түркістанға неге және кімге келгені, әзірге белгісіз. Өзінің туған күнінде жалдамалы пәтерде 5 және 2 жастағы балаларын жастықпен тұншықтырып өлтіргенін құрбысына телефонмен айтып, өзі ізін суытқан», делінген хабарламада.

Жантүршігерлік оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 «Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», дейді Түрікстан облыстық ПД бастығы Мұрат Қабденов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір