• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Мамыр, 07:07:07
Алматы
+35°

Иракта ЛГБТ өкілдерін қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң қабылдады. Заң жобасына сәйкес олар дәстүрлі емес қарым-қатынасқа түскені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, трансгендерлі адамдар  "жынысын ауыстырғаны үшін" үш жыл түрмеге қамалады, оларға көмектескен дәрігерлерге де сондай жаза қарастырылған. 

Заң жобасының бастапқы нұсқасында бір жынысты қарым-қатынасқа түскендерді өлім жазасына тарту ұсынылып, кейіннен 10-15 жыл түрме жазасына ауыстырылған. 

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы бұл заңды "адам құқығына жасалған ірі соққы" деп айыптады. Ұйым мүшелернің айтуынша, құжат ЛГБТ өкілдеріне күш көрсетуді заңдастырады. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір