• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:25:57
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 Әлем

Аман Төлеев Кузбасс парламентінің төрағасы болды

Аман Түлеевтің кандидаттығына 39 адамның 38-і дауыс берген, бір адам ғана қарсы дауыс берді.

Кемерово облысы халықтық депутаттар советі сейсенбіде өткен кезектен тыс сессия барысында өңірдің бұрынғы губернаторы Аман Төлеевті Кузбасс парламентінің төрағасы етіп бірауыздан тағайындады.

Аман Төлеевтің кандидаттығына 39 адамның 38-і дауыс берген, бір адам ғана қарсы дауыс берді.

Төлеевтің өзі «Зимняя вишня» ойын-сауда орталығында болған оқиғадан кейін құдай алдындағы арын таза деп есептейді. Өзінің айтуынша, қолынан келгеннің бәрін істеген.

«Қайғы болғанда адам сыналады. Бірақ сіздер мені тастап кетпедіңіздер. Сіздердің тараптарыңыздан қолдау болғанын сезіндім. Көп рақмет! Менің тағайындалғанымды халық қатты талқылайтын, тіпті қаралайтын болады, білемін», - деді Төлеев парламентте сөз сөйлеу барысында. 

Сондай-ақ Кузбасс үшін талмай еңбектенетінін жеткізді.

«Бүгінгі күні депутаттардың, команданың еңбегінің арқасында біз гүлденіп келе жатқан Кузбасспен мақтана аламыз. Облысты жаңа губернаторға тап-таза, тіршілігі қайнап тұрған қалпы тапсырамын», - деді Төлеев.

Айта кетейік, Кемерово облысын 20 жыл басқарған Төлеев «Зимння вишня» ойын-сауық орталығындағы өрттен кейін отставкаға кеткен. Өрт салдарынан 64 адам қаза тапты, олардың көбі балалар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір