• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 23:32:07
Алматы
+35°

01 Сәуір, 2018 NEWS

Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев отставкаға кетті

73 жастағы Аман Төлеев Кемерово облысын 1997 жылдан бері басқарып келеді.

Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев РФ президенті Владимир Путинге өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш тапсырды, деп хабарлайды ТАСС.

А. Төлеев Кемероводағы қайғылы оқиғадан соң ең дұрыс шешім осы екенін мәлімдеген.

— Кемеровода 25 наурызда болған жантүршігерлік қайғылы оқиғаға қабырғамыз қайысып отыр. Біз 64 адамнан айырылдық, олардың көпшілігі - балалар. Әрқайсымыз осынау ауыр қайғыны жүрегімізден өткіздік, - дейді Аман Төлеев.

— Бұл өзім үшін дұрыс,  ең әділ шешім деп есептеймін, өйткені мұндай ауыр жүкпен губернатор болып отыру керек емес, моральдық тұрғыдан мүмкін емес, - деді ол.

Сонымен қатар ол қолынан келгеннің бәрін істегенін айтты. «Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім, көмек көрсету мәселелерін шешуге тырыстым. Зор қайғыға тағы бір рет ортақтастық білдіремін. Бірақ өмір сүру керек қой, марқұмдар жадын сақтау үшін өмір сүру керек», - деді губернатор.

«Құдай алдындағы адалдығымды айтайын, мен өз қызметімде әрқашан елдің, Ресейдің мүддесін, облыстың мүддесін ойладым. Баршаңызға үнемі, қуанышымда да, қайғымда да бірге болғандықтарыңыз үшін тағы бір рет рахмет. Тағзымымды қабыл алғайсыздар», - деді Аман Төлеев.

73 жастағы Аман Төлеев Кемерово облысын 1997 жылдан бері басқарып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір