• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 16:12:37
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2024 Экономика

Елімізде жалақысы 900 мың теңге болатын мамандықтар қандай

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Электронды еңбек биржасындағы мәліметтермен бөлісті. Онда жоғары жалақы ұсынылатын үш мамандықтың аты аталады.

gov.kz

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы қаңтар айында Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 97,3 мың бос жұмыс орнын ұсынса, ал жұмыс іздеушілер 191,1 мың түйіндеме орналастырды.

Өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда бос орындар саны 22,3 мыңға (-19%) азайып, ал түйіндеме саны 132 мыңға (+223%) өскен.

«Қаңтар айында ең көп бос жұмыс орындары «білім және тәрбие» (17,5 мың бос жұмыс орны) және «медицина және фармацевтика» (8,5 мың) кәсіптік салаларында орналастырылды. Өз кезегінде жұмыс ізеушілер арасында «білім және тәрбие» (17,3 мың түйіндеме) және «ТКШ және абаттандыру» (8,2 мың түйіндеме) кәсіптік салаларының қызметкерлері тарапынан белсенділік байқалды», дейді Камилла Манакова.

Жалақының ең жоғары мөлшерін көбіне өз түйіндемелерінде «үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман» (орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап), «бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі басшы» (1,2 млн теңгеден бастап), сондай-ақ «өндірістік операциялар жөніндегі инженер» (1,2 млн теңгеден бастап) мамандықтары бойынша жұмыс іздеушілер көрсеткен.

Ең көп жалақыны жұмыс берушілер өндірістегі база бастықтарына (900 мың теңгеден бастап), жобалаушы инженерлерге (800 мың теңгеден бастап) және бас құрылысшыларға (790 мың теңгеден бастап) ұсынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір