• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:01:38
Алматы
+35°

25 Қазан, 2018 Әлем

Трамп телефон арқылы кімдермен жиі сөйлеседі? Қытай тізімін жариялады

Дональд Трамптың жоспарлары, араласатын, телефон арқылы сөйлесетін адамдары, жалпы әр қадамы кімге қызық, кімге керек?

Дональд Трамптың жоспарлары, араласатын, телефон арқылы сөйлесетін адамдары, жалпы әр қадамы кімге қызық, кімге керек? АҚШ-тың соңғы жаңалықтарына шолып шықсақ, Қытайға қарсы сауда соғысы туралы ақпаратқа кезігесіз. Мұны ескерсек, «Трамптың жоспары Қытайды алаңдатады» деп бірден айта салуға болады. Биыл 24 қыркүйекте Трамп 200 миллиард доллар көлеміндегі қытайлық тауардан бас тартатыны туралы мәлімдеген. Алайда тек Қытай ғана емес, Трамптың жоспарлары жайлы жасырын түрде анықтап жатқан тағы бір мемлекет бар екен. Ол – Ресей. Трамп пен Путиннің арасындағы «достық» қарым-қатынасқа қарамастан, ресейліктер АҚШ президентінің телефонын тыңдайтын болып шықты. Бұған АҚШ-тың Ресейге салып жатқан санкциялары әсер етуі мүмкін.

Бұл туралы Трамтың көмекшілері президентке талай ескерткен.  

Есімдерін жасырған белгісіз шенеуніктердің сөзінше, америкалық арнайы қызмет органдары Трампттың телефоны тыңдалатынын анықтапты. Қытай тарапы АҚШ-тағы сауда соғысы жайлы ақпаратты білуге тырысып бақса, Ресейдің мақсаты – жұмбақ.

Ақпаратқа сәйкес, қытайлықтар Трамптың телефон арқылы жиі сөйлесетін адамдарының тізімін жасаған.

♦Қытай журналисі Трампқа алғыс жаудырды (видео)

Қытайлықтар жасаған тізімнің көшін бастап тұрғандар мыналар: Blackstone Group компаниясының атқарушы директоры Стивен Шварцман. Ол Пекиндегі Цинхуа университетінің магистрлік бағдарламасын қаржыландырып отырған миллиардер және Лас Вегастағы казинолардың бірінің басшысы болған, миллиардер Стив Уинн. Оның бүгінгі таңда Макаода жеке бизнесі бар. Уиннің өкілі қандай да бір пікір беруден бас тартты. Шварцман қуана-қуана пікір білдірді. Айтуынша, екі мемлекет арасындағы түйткілді мәселелерді шешуге қашан да дайын екен.

Трамп әдетте сенімді, қорғалған телефон желісін қолданады. Алайда ресми екі iPhone-ы мен жеке телефонынан бас тартпақ ойы жоқ. Жұмыс телефоны Ұлттық қауіпсіздік агенттігімен қорғалған болса, нөмірлері сақталған жеке ұялысын арнайы органдар әлі күнге дейін бақылауға алмаған.

Бұған қатысты Apple компаниясы президенттің iPhone-ы турасында пікір білдіруден бас тартты.

Ал Трамптың телефноы қашанға дейін тыңдалатыны, президенттің әрі қарайғы әрекеті белгісіз.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір