• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:58:08
Алматы
+35°

01 Қазан, 2018 Әлем

Қытай журналисі Трампқа алғыс жаудырды (видео)

Видеода Трампқа «ризашылығын білдірген» журналист «Тек сіздің арқаңызда Қытай жақсы жаққа қарай өзгеріп келеді» деді.

Қытайдағы Sina порталы қытайлықтар арасында резонанс тудырған видео жариялады. Онда қытайлық журналист Трампқа сауда соғысы мен Қытайға қарсы салынған санкциялар үшін алғыс айтқан. Бұл туралы inosmi.ru сайты жариялады. «Журналист алғыс білдіру арқылы мазақ етіп тұрғанымен, Трамп позициясының әлсіз тұстарын жеткізе алған» деп жазды Inosmi.

Видеода Трампқа «ризашылығын білдірген» журналист «Тек сіздің арқаңызда Қытай жақсы жаққа қарай өзгеріп келеді» деді.  

Оның үстіне қытайлық ZTE компаниясына салған санкциялар үшін де алғыс айтты. Себебі санкцияның әсерінен қытайлықтар өнеркәсіп компаниясының әлсіздігін көре алды. Енді компанияға тиісінше қаржы бөлінетін болады.

Сонымен қатар, қытайлықтар АҚШ-тан тыс жерде сатып алуға тұрарлық керемет кәсіпорындардың бар екенін білді. Видеодағы журналистің айтқанын төмендегі мәтіннен оқи аласыздар:

«Құрметті Трамп мырза!

Қытай мен АҚШ ай мен күн секілді, бір-біріне мүлде ұқсамайтын алшақ мемлекеттер. Сол себепті бір келісімге келіп, түсінісу керектігін түсіндірген шок терапияңыз үшін алғыс білдіремін. Интеллектуалдар, ғалымдар, компаниялар қиындықтарды зерттеп, тығырықтан шығу мақсатында бірігеді. Сіз Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалаудың қажеттілігін еске салғандықтан, өзге елдер бірігіп жатыр. Қытайдың кемшіліктерін бүкіл әлемге паш еткен баяндамаңыз үшін рақмет. Енді мемлекетіміз реформалар өткізіп, шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік алды. Сәлем, Tesla!

Қытайға қарапайымдылық қасиетті қайтарғаныңыз үшін тағы алғыс айтамыз. Өзімшілдік пен менмендіктен туған кемшіліктерге акцент жасап, көңіл бөлгеніңіз үшін алғыс. Ешкім сіз секілді мейірімді емес.

Сіз болмасаңыз және ZTE компаниясына салған санкцияларыңыз болмаса, Қытай өнеркәсібіне айтарлықтай көңіл бөлінбес пе еді, енді бұрынғыдан да көп қаржы салынатын болады. АҚШ-тан тыс жерде сатып алуға болатын тамаша нысандардың бар екенін көрсеттіңіз. Қытайдың Еуропадан сатып алған нысандарының көлемі жарты жылда 20 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш АҚШ-тан 9 есе көп.

Іскерлік ортаның өкілдеріне қарапайым, ұстамды болуды үйреттіңіз. «Семіздікті қой ғана» көтереді деген сөз бар емес пе? «Боинг» (Boeing) биыл қытайлықтарға әсер еткен жоқ. АҚШ-тың ірі IT компаниясы тапсырыс қабылдауды доғарды, нарықтағы үлесін төмендету үшін Қытайдағы бағаларды өсірді. Кәсіпкерлер сізге қарыз болды, сол себепті бұрынғыдан да белсенді жұмыс істейтін болады.

Сіздің арқаңызда америкалық ветчина мен бурбон (сапалы виски) өнімдерінен бас тарттық.

Журналист ретінде маған үйреткеніңіз көп болды. Сол үшін де мың алғыс.

Сіз бен сіздің командаңыз болмаса, сауда соғысын жай ғана өткінші қиындық деп түсінер едік.

Бізге басшылықтың керемет әдісін үйреткеніңіз үшін алғыс айтамыз. Мен мұны «Трамптың көзі» деп атар ем.

БАҚ-тың беделін түсіргеніңіз де бізді зор мүмкіндіктерге жетеледі. Себебі сіздің арқаңызда екі есе жылдамдықпен жұмыс істейміз, әрбір материалымызды мың қайтара тексеріп, сапалы екендігіне көз жеткізіп отыратын боламыз. Сіз ұлы адамсыз!

Ізгі махаббатпен, Чэн Лэй»

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір