• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:22:21
Алматы
+35°

29 Қаңтар, 2019 Ғылым-білім

"Шай ішіп кетсең қайтеді..." Ғалымдар шайдың пайдасы жайлы тың дерек келтірді

Бұл шайды жиі пайдаланатын Қытай өңірінде қатерлі ісікпен ауратындардың саны өзге елдерге қарағанда 35-40 пайызға төмен екенін көрсетті.

Шай десе, қазақ дейміз, қазақ десе, шай дейміз. Үлкен самаурынға шай қойып, оны рахаттанып сағаттап ішіп, отбасылық әдемі әңгіменің тереңіне бату – біздің ұлтқа ғана тән қасиет. «Әй, осы кісі шайқор!» деген сөз де етімізге сіңген. Жалпы, шай мен қазақ – егіз ұғым. Тіпті «Шай ішіп кетсең қайтеді, мен ұсынған кеседен» деп қазақ қою шайды әнге де қосқан. Әсіресе, шайды сағаттап ішу аталарымыз бен апаларымызға тән. Аса қатты әуесі жоқ жастар жағы үлкендердің шайқорлығын түсіне бермейді. Мұны қазақтың келіндерінен де жиі байқауға болады. Бірақ әлемдік ғалымдар шайға қатысты тың деректер келтіріпті. Мұны білсеңіз, ата-апаларымызға ашуланбай, керісінше өзіңіз де шайға әуес болуға асығар едіңіз.

Америкалық медицина қызметкерлері бірнеше лабораториялық тест жасап, шайдың денсаулыққа пайдасы бар екенін анықтапты. Шай қатерлі ісік клеткаларының өсуін тоқтатады. Әсіресе, улун мен көк шайдың бұл процесте күші басым көрінеді.

Мұндай жаңалықты Сент-Луис университетінің ғалымдары да растады. Олар келтірген дерекке сәйкес, улун шайын пайдалану ісінуден әрі ісік клеткаларының өсуінен сақтайды. Ғалымдар улун шайын сүт безі қатерлі ісігінің үлгілерін негізге алып, тест жасап көрген. Anticancer Research журналының мәліметінше, америкалық онкологтар да шайдың мұндай процесін көргенде таңданысын жасырмаған. Улун шайының әсері ағзаның түрлі химиялық заттардан улануынан сақтайды әрі ішкі органдардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуін, агрессивтілікті тудырмауын қамтамасыз етеді.

♦Көбірек кофе ішіңіз, денсаулыққа пайдасы зор!

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, улун шайын жиі пайдаланатын Қытай өңірінде қатерлі ісікпен ауратындардың саны өзге елдерге қарағанда 35-40 пайызға төмен екенін көрсетті.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір