• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:06:11
Алматы
+35°

10 Тамыз, 2018

Салтанат Бақаева "ән ұрлады" дегенге жауап берді: өз басым қатты ұялдым...

Танымал әнші Салтанат Бақаева өзін "ән ұрлады" деп айыптаған Назерке  Семейге жауап берді.

Танымал әнші Салтанат Бақаева өзін "ән ұрлады" деп айыптаған Назерке  Семейге жауап берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Салтанат Бақаева өзінің инстаграм парақшасына жариялаған. 

Еске салсақ Назерке Семей "Әдемі-ай" әніне алғаш рет мен сөз жазғанын, алайда сұраған қаламақыға келіспей сөзін басқа ақынға жаздыртқанын фейсбук желісіне жариялаған болатын

Өз кезегінде, Салтанат Бақаева өзінің ала жіпті аттамағанын, Назерке Семейдің өзін айыптағанын көріп таңғалғанын айтады. 

"Ата анамның "біреудің ала жібін аттама" деген сөзімен өскен қызбын,еш уақытта біреудің келісімісіз әнін не сөзін пайдаланып ән айтқан емеспін!

Бүгінгі Назерке Семейдің ғаламторға жіберген видеосы төбеме су сепкендей болды...Шыны керек жас ақын қыздардың ішінде өзіме қатты ұнайтын,ақындардың бірі! "Әгугәй құрбым" атты әнімнің сөзін жазған Назерке. сөзін тегін жазып беруге келісіп енді,араға 3-4 жыл өткен соң осындай дау шығарып "Ақша төлемедің" -деп жатқаны мен үшін таңғаларлық жағдай болды... Ақшасын сұраса, мен келісіп не келіспей әйтеуір бір мәмлеге келетін едік. Бірақ мен сөзінің авторы Назерке болғандықтан бүкіл теледидар, радиода авторын мақтанышпен айтып,жазып отырамын!
Біраз уақыт өткен соң келесі әнімнің сөзін жазса екен деген оймен тағы xабарластым,бұл жолы 50000 тг деді,шыны керек сол сәтте әлі тұрақталмаған, жаңадан жеке әнші ретінде шығып келе жатқан шағым болатын, мен 20000 теңгеге келісуін өтіндім...Бірақ келіспеді оның үстіне Дулат Құйқыс есімді ақын сөзін тегін жазып берейін деп ұсыныс тастаған соң.Мен қуанып сол кісінің сөзімен "Әдемі-ай" атты әнімді шығардым!
Бар мәселе осы құрметті оқырман....
Назерекенің бұл бәлкім қызғаныштан туып отырған ойы болар... Өз басым қатты ұялып отырмын!....", деп жауап берді Салтанат Бақаева. 

 

Ата анамның "біреудің ала жібін аттама" деген сөзімен өскен қызбын,еш уақытта біреудің келісімісіз әнін не сөзін пайдаланып ән айтқан емеспін! Бүгінгі Назерке Семейдің ғаламторға жіберген видеосы төбеме су сепкендей болды...Шыны керек жас ақын қыздардың ішінде өзіме қатты ұнайтын,ақындардың бірі!"Әгугәй құрбым" атты әнімнің сөзін жазған Назерке. сөзін тегін жазып беруге келісіп енді,араға 3-4 жыл өткен соң осындай дау шығарып "Ақша төлемедің" -деп жатқаны мен үшін таңғаларлық жағдай болды...ақшасын сұраса,мен келісіп не келіспей әйтеуір бір мәмлеге келетін едік.Бірақ мен сөзінің авторы Назерке болғандықтан бүкіл теледидар ,радиода авторын мақтанышпен айтып,жазып отырамын! Біраз уақыт өткен соң келесі әнімнің сөзін жазса екен деген оймен тағы xабарластым,бұл жолы 50000 тг деді,шыны керек сол сәтте әлі тұрақталмаған,жаңадан жеке әнші ретінде шығып келе жатқан шағым болатын,мен 20000 теңгеге келісуін өтіндім...Бірақ келіспеді оның үстіне Дулат Құйқыс есімді ақын сөзін тегін жазып берейін деп ұсыныс тастаған соң.Мен қуанып сол кісінің сөзімен "Әдемі-ай" атты әнімді шығардым! Бар мәселе осы құрметті оқырман.... Назерекнің бұл бәлкім қызғаныштан туып отырған ойы болар....өз басым қатты ұялып отырмын!....

Публикация от Салтанат Бакаева (@saltanat_bakaeva)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір