• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:26:57
Алматы
+35°

10 Қыркүйек, 2018 NEWS

Қырғыздан сөз естіген қазақ көкпаршысы: Ақталғым келмейді...

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысқан Мейіржан Матжанға хабарласып, мән-жайды білмек болдық.

Қазақ көкпаршылары өмірі көкпар ойнамаған өзбектерге есе жіберді. Өзбектерден жеңілгеніміздің куәгәрі болған қырғыздар күйініп, ашуға мінді. Қырғыз мемлекетінің "Көк бөрі" Федерациясының бұрынғы вице-президенті Талас Бегалиев қазақ көкпаршыларын жерден алып, жерге салды. Әлеуметтік желіні дүр сілкіндірген видеода қырғыз бауырымыз Мейіржанның есімді көкпаршының есімін атап, "Дұрыстап ойнамайсыңдар ма?" деп кейиді. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның көкпар құрамасында ойнайтын, шулы видеоның басты кейіпкері Мейіржан Матжанның нөмірін іздеп, хабарласты. Алғашында ол бұл ойын туралы ешқандай пікір білдіргісі келмейтінін айтты. Бірнеше минуттық әңгімелесуден кейін Мейіржан жібіді.

-Мейіржан, финалға өтпедіңіздер. Әйтпесе қырғыздармен күш-бақ сынасатын едіңіздер. Жарты финалдағы сол ойын туралы не айтасыз? Ойын қаншалықты көңіліңізден шықты?

-Ойында ұтылдық. Басқа айтарым жоқ.

-Барымды салып ойнадым деп айта аласыз ба? 

-Әлбетте, барымызды салдық қой.

-Талас Бегалиевтің "ұрысын" естіңіздер. Көңілге кірбің түспеді ме?

Ешкімнің алдында ақталғым келмейді. "Инстаграм парақшамаға кіріп, соңғы видеолардағы халықтың пікірін оқып шығыңызшы. Қазақ та, қырғыз да көрсеткен өнеріме риза. Басқа көкпаршыларда инстаграм жоқ. Болған күнде оларға да халық солай пікір білдіретін еді. Себебі біз бар күш-жігерді салып ойнадық.

-Жылқыда да жылқы бар. Жылқыларыңыз өздеріңіздікі емес, қырғыздыкі екен...

Онысы рас. Сол да әсер еткен болуы керек деп ойлаймын. Себебі қырғыздың жылқылары әлсіз болып шықты. Ал, неге өз сәйгүліктерімізбен келмедік деп сұрақ қойсаңыз, оның себебін мен білмеймін. Естуімше, қырғыздар өздері қолқа салған.

Мейіржан Матжан

 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір