• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 15:46:28
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2018 Спорт

"Өмірі көкпар ойнамаған өзбектен жеңілген, қазақтар, намыс қайда?" (видео)

Былтыр, сендердің елдеріңе барғанда жақсылап ойнадық. Өздерің айтқан барлық ережелеріңе келісіп, ойнағанбыз.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақстандық көкпаршылар Өзбекстанға есе жіберді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осыған қатысты әлеуметтік желіде даулы видео жарияланды. Аталмыш видеода қырғыз жігіті қазақ көкпаршыларын жерден алып, жерге салып ұрсып тұр. 

Оның айтуынша, қазақ жігіттерінің өмірі көкпар ойнамаған өзбектерден жеңілуі масқаралық екен. 

"Былтыр, сендердің елдеріңе барғанда жақсылап ойнадық. Өздерің айтқан барлық ережелеріңе келісіп, ойнағанбыз. Былтыр Астанаға мен де барғанмын. Сол кезде қалай болған еді? Барлығына шыдап, ойнадық қой. Енді неге сендер сол біз секілді ойнамайсыңдар? Ей, Мейіржан, ойнамайсыңдар ма? Намыс деген бар ма өзі сендерде? Бұл спорт қой. Неге саясатты спортқа араластырып отырсыңдар? "Көк бөріден" неге соншама қорқасыңдар? Бұл спорт қой. Жігіт секілді ойнап кетпейсіңдер ме, елдеріңе? Өзбекстан өмірі көкпар ойнамаған.  Қалай ұтылып елдеріңе барасыңдар? Қай беттеріңмен барасыңдар? Мен деген қазақтың намысты жігіттері келіп, біреудің астына жатып бергендерің, масқара болды ғой", - дейді қырғыз жігіті. 

Видеода қазақ жігіттерінің бірі "Біз қолымыздан келгенін жасадық. Сіздер дұға қылыңыздар", деп жауап қайырды. 

Қызу талқыға түскен видеодағы қырғыз жігітінің ҚР "Көк бөрі" федерациясының бұрынғы өкілі Талас Бегалиев болуы мүмкін. 

Осы мәселеге байланысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық спорт түрлерінің қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханға мен қауамдастықтың қызметкерлеріне хабарласқан болатын. Алайда қоңырауымызға жауап бермеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір