• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 19:37:44
Алматы
+35°

30 Наурыз, 2018 Әлеумет

Әкім орынбасары басы мен денесінен ине табылған қыздың өмірі жайлы айтты

Әкімнің орынбасары әлеуметтік қызметкерлер қыздың үйіне жиі барып, отбасындағы психологиялық ахуалды бақылайтынын айтады.

Денесінен ине табылып, асқазаны улы сұйықтықтан күйген ОҚО-ның Айна есімді тұрғынына қатысты оқиға халық арасында қатты талқыланып жатыр. 8 жастағы қыздың тағдырына қоғам белсенділері назар аударған соң Түркістандағы билік өкілдері жағдайды бақылауға алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Ырысбек қыздың үйіне әлеуметтік қызметкерлер жиі барып, отбасындағы психологиялық ахуалды қадағалайтынын айтады.

«Біз қыздың қазіргі жағдайына жауап береміз. Қызды отбасында ренжітпей ме, қалай оқып жатыр – соны тексереді. Мен қыздың ата-анасымен сөйлестім. Айна қазір мектепте оқиды, дамуында ешқандай ақау жоқ. Облыстық денсаулық сақтаудан басқармасынан келген комиссия да тексерді. Қыздың дамуы жақсы екенін олар да айтып отыр. Ән айтады, оқиды, мектептегі іс-шараларға қатысады», - деді Ғани Ырысбек.

Әкім орынбасарының айтуынша, 8 жастағы Айнаға қатысты елді алаңдатқан жағдай 2012-2014 жылдар аралығында болған. Ол уақытта қыз мүлде кішкентай еді.

Қыздың ата-анасы оның жағдайы нашарлағанын байқаған. Түркістандағы ауруханада қыздың басын МРТ-ға түсіріп, басынан екі ине тапқан.

«Ол уақытта қыз 2-3 жаста болатын. МРТ жасағанда басынан екі ине табылған. Дәрігерлер операция жасау керек екенін айтқан. Осыдан кейін қыздың ата-анасы Аружан Саинның «Мейірім» қорына жәрдем сұрап барған. Ол қаражат жинап, қызға Астанада көмек көрсетілді. Шетелге де жіберді, бірақ ата-анасы елге келіп, қыздарын Қазастанда емдетуді ұйғарды», - деді әкім орынбасары.

Аружан Саинның бастамасымен құқыққорғау органдары ҚР ҚК 1 бөлімі 141 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда тергеу жұмыстары нәтижесінде, ата-ананың әрекетінен қылмыс құрамын таппады. Қылмыстық іс тоқтатылды.

Айта кетейік, қоғам қайраткері Аружан Саин өзінің Facebook парақшасында 2011 жылғы Айна есімді қызға қатысты жантүршігерлік мәліметтер жариялаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір