• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 23:04:43
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2018 Әлеумет

«ОҚО-да кішкентай қызды отбасындағы біреу өлтіргісі келіп жүр»

2013 жылдың қаңтар айында (баланың жасы бір жарымда) қыздың еңбегінен ине табылған.

Қоғам қайраткері, "Үй" қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Саин Facebook парақшасында 2011 жылы туған Айна есімді қызға қатысты мәлімет жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"2016 жылдың басында қорға 2011 жылы туған Айна деген қыздың әкесі көмек сұрап келді. Ол өңеші күйген қызын шетелге емделуге жіберуді өтінді. Қор тәртібі бойынша баланың ата-анасынан алынған барлық медициналық жазбаны түрлі клиникаларға жолдадық. Сонымен қатар үндістандық «Фортис» халықаралық клиникалар желісіне қарасты Анна Вербинаның «МедИндия» бөлімшесіне жібердік.

«МедИндия» қызметкерлері біздің жіберген медициналық көшірмелерімізді көріп, жағасын ұстады. Біз қазақстандық дәрігерлермен де сөйлестік. Олар да шетелдік әріптестерінің қорытындысын растап отыр. Қорытындыға сәйкес, жарақаттар өлімге алып келуі мүмкін еді.

- 2012 жылдың маусым айында Айна бассүйек-ми жарақатын алған. Баланың өзі құлап, мұндай жарақат алуы екіталай.

- 2013 жылдың қаңтар айында (жасы бір жарымда еді) қыздың еңбегінен ине табылған.

- 2013 жылдың мамыр айында (екіге де толмаған) қыз улы сұйықтық ішкен. Әдетте балалар кездейсоқ сірке суы немесе сірке қышқылын ішіп қойғанда жаман дәмді сезгеннен кейін түкіріп тастайды. Ал Айнаның өңешінен бастап асқазына дейін күйген. Мұндай жағдай тек ол сұйықтықты балаға мәжбүрлеп ішкізгенде ғана болады.

Содан бері Айна өз бетімен тамақтана алмайды. Тек зонд арқылы ғана белгілі бір сұйық тамақтарды ішеді. Бес жасында қыздың салмағы сегіз келіден сәл ғана асатын.

- 2014 жылдың сәуір айында (жасы – 2 жас 8 ай) қыздың арқасына, көкірек тұсына ине сұғылған. Оның бірі жүрегіне және омыртқасына бір миллиметр ғана жетпей қалған. Кейбір инелерді шығару мүмкін болмады.

Қызды отбасындағы біреу өлтіргісі келіп жүргені анық болғандықтан, барлық жағдайды баяндап, Бас прокуратураға хат жібердік.

Біз қызға көмектесуге тырыстық. Баланы Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызуды талап еттік. Одан кейін «Фортиске» (Үндістан) жібердік. Онда қыздың әкесі емнен бас тартып, Қазақстанға қайтып келді.

Бас прокуратура біздің шағымымызды ОҚО прокуратурасына жіберді.

Біз өз хатымызда мына мәселелерді көтердік:

  1. Баланы отбасынан шұғыл түрде оқшаулау. Қыздың мұндай күйге түскеніне әкесі де кінәлі болуы мүмкін немесе отбасының бір мүшесін қорғаштап жүрген болуы әбден мүмкін. Сол үшін құқыққорғау органдарына шағымданбай отыр.
  2. Баланың денсаулығына жүйелі түрде зақым келтірілсе де, аудандық аурухана, денсаулық сақтау департаменті, аудан мен облыстағы қамқоршылық органдары және полиция қажетті шараны қолға алмады. Балаға қатысты барлық жағдайды анықтайтын тексеру жұмыстары жүргізілетінін білсе, отбасы қылмыстың ізін жасыру үшін қызға зардабын тигізуі мүмкін. Бала із-түзссіз жоғалып кетуі мүмкін немесе өрт болып, барлық дәйек жойылуы мүмкін. Ал жергілікті органдары уақытты созып, бала қауіпті жағдайда қалуы ықтимал.
  3. Баланы шұғыл түрде Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызу қажет. Онда Айнаның денсаулығын қалпына келтіріледі. Біздің қор қызды шетелге емделуге жіберуге әзір.
  4. Баланың денсаулығына зақым келтіру және өміріне қауіп төндіру бойынша тергеу жұмыстарын жүргізу үшін шара қолдану қажет. Егер отбасы балаға қауіп төндіретін болса, ата-анасының қызды көруіне шектеу қойып, одан кейін ата-ана құқығынан айырып, кінәлілерді жауапқа тарту керек.
  5. Тергеу жұмыстарын жүргізіп, қыздың денсаулығына зардап тигізгенін және денесіндегі инені көре тұра құқыққорғау органдарына шағымданбай, баланың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті шара қолданбай, қыздың денсаулығына одан да қатты зақым келуіне және өміріне қауіп төнуіне жол берген медициналық мекемелерге және мемлекеттік органдарға қатысты тиісті шараларды қолдану. Жергілікті мекемелердің, денсаулық сақтау департаменті мен қамқоршылық органдарының балаға қауіп төнгенін түсінбеуі мүмкін емес еді.

Бас прокуратураға алғашқы хат 2016 жылы қаңтарда жіберілді. Дәл сол жылдың сәуір айында біздің кеңсеге келген Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиеваға хатты беріп жібердік.

2017 жылдың ақпан айында бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченкомен кездесу барысында жаңадан жазылған хатты жаңа тағайындалған бас прокурор Жақып Асановқа беріп жібердік.

Әлі күнге дейін Бас прокуратурадан Айнаның жағдайына қатысты жауап алмадық. Біздің шағымымыз Бас прокуратураға емес, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау бөліміне барады. Аталған бөлімнің қызметкерлеріне біз сенімсіздік танытып отырмыз. Себебі біздің шағымымызға қатысты (шамамен 2014 жылдан бастап) бірде-бір жағдай соңына дейін жеткізілмеген. Бас прокурорлар ауысып тұрады. Ал ол жерде бұрынғы адамдар отыр. Телефон арқылы сөйлескенде баяғы бір жауапты естиміз. «Сіздерге жауап келмеуі мүмкін емес». Кешіріңіз, бірақ мәселе жауапта емес, балалардың қиын жағдайда қалғанында және оларға ешкімнің көмектеспей жатқанында!

2017 жылдың ақпан айында осы іс тапсырылған ОҚО-дағы тергеушімен сөйлестім. Оның есімі – Тофик. Ол қылмысты ешкім мойындамайтынын айтып, менен не қалайтынымды сұрады. Біз барлығы заң бойынша болғанын қалаймыз. Баланың ендігі жолы тірі қалуы екіталай екенін және қызды мұндай жағдайға кімнің жеткізіп отырғанын анықтау өте қиын екенін жеткіздім.

Біздің прокуратураға шағымданғанымызды естіген қыздың әкесі қатты ашуланды. Хатты қайтарып алуды талап етті.

Ол қызды емдеу үшін бәрін істеп жатқанын және қызға мұндай зақымды кім келтіргенін білмейтінін айтады. Қыздың анасы бұл отбасыда ештеңені шешпейтін секілді.

Әлі күнге дейін қыз туралы ешқандай ақпарат білмейміз. Тірі ме, әлде өлі ме, хабарымыз жоқ. Қыздың әкесі телефон нөмірін ауыстырған секілді.

Қызға қалай көмектесу керегін білмейміз. Бұл іспен құзырлы органдар айналысуға тиіс.

Дәрігерлер Айнанікіндей жарақат алған балаларды көргенде бірден полицияға хабарласуы қажет еді.

Полиция қылмыстық іс қозғап, қылмыскерді табады.

Прокуратура баланың құқығын қорғалуын бақылайды.

Сот күдіктінің кінәлі немесе кінәлі емес екенін анықтап, жаза тағайындайды.

Бірақ мұның бірі де болмады. Тергеушінің есімі – Тофик. Мүмкін дәл осы тергеуші Абайдағы балаға қатысты істі жүргізген шығар.

Қызға қатысты істе ешқандай шу болмағандықтан, Абай ауылының 7 жастағы тұрғынына да немқұрайлы қараған шығар? Мүмкін тек бұл балаларға ғана қатысты емес шығар.

Осы жазбаны жазып отырған уақытта Құрманғазы Мусірден қызға байланысты істі жүргізген тергеуші мен әлгі Тофиктің номері бірдей деген ақпарат келді", деп жазды Аружан Саин.

 

Құжат

Құжат

Құжат

Құжат

Құжат

Құжат

Құжат

Құжат

Құжат

Құжат

Құжат

Құжат

Құжат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір