• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:30:40
Алматы
+35°

10 Қараша, 2017 Сұхбат

«Жұмыста ғана депутат болдым!». Тінекеев даулы видеоның сырын ашты

Депутат та адам, оған дөрекі сөйлеуге болмай ма? Мен кабинетте, жұмыста депутатпын, ал жеке өмірде өзгелер секілді қарапайым адаммын.

Tengrinews.kz тілшісі бұрынғы депутат Мұхтар Тінікеевпен сұхбаттасты. Сұхбат барысында Тінікеев 2016 жылғы даулы видеоға қатысты пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мұхтар Тінікеев көп балалы кеншілер отбасында дүниеге келген. Балалық шағы мен жастық шағы бауырлары мен достарының ортасында қуанышқа толы өтті. Ата-анасы балаларын мейірімділікке, адалдыққа баулып өсірді.

Отбасында 7 бала болды – 6 бауыры мен әпкесі. Өміріндегі ең қайғылы естелік – әкесінің өлімі. Жеті бала және анасы қалған отбасы шалқып өмір сүрмеген. Алайда анасы оларды жетілдіріп, қатарынан қалдырмауға, бар мейірімін төгіп, әке орнына әке, ана орнына ана болуға барынша тырысып баққан.

tengrinews.kz

Еңбек жолын шахтадан бастап, саясатқа бет бұрған Мұхтар Тінікеев алғашында саясат жолына түсемін деп мүлдем ойламаған.

«1989 жылы мемлекет бойынша жаппай кеншілер ереуілі болған. Кеншілер арасында тек сол жағдай сөз болған еді. Одан бұрын 1986 жылғы көтеріліс бар. Ол кездегі ауыр жағдай бәріміздің есімізде сақталып қалған.

 Біз ереуілді бастағанда, жасым 25-те еді. Бәрі өзгерісті қалады, алайда бәріміздің бойымызда қорқыныш пен үрей болды. Соған қарамастан жұмыс орнын тастап, тауға шығуға бел байладық.

Кейін өзге қаланың кеншілерінің 22-шахтаға жиналып жатқанын есіттік. Біз де командамен қосылып, автобуспен сол жерге қарай бет алдық. Әкімшілік орталығы маңында Байжанов, Горбачев, Стахановский, Костенко атындағы шахтаның кенішілері жиналып, «Қарағанды көмір» ғимаратына дейін жаяу көтерілуге шешім қабылдадық. Алаңға 26 шахтаның өкілдері жиналды. Сол кезде әр шахтадан аудандық ереуіл комитетіне үш адамнан делегат таңдауға бұйрық берілді. Біздің шахтадан мені, Кәрімовты және Шнайдерді таңдады. Күні бойы «Қарағанды көмірді» біріктіру үшін бастықтармен сөз таластырдық, алайда ешқандай шешім табылмаған соң Алма-ата мен Мәскеуге шығатын жол іздедік. Кейін бастықтардың кеншілерді таратуға тырысып жатқанын, олардың өтініштерінің орындалатынын айтып жатқанын естіп, мәжіліс залына бардым. Кеншілер бастықтың сөзін растау үшін мені мінбеге шығарды, әлбетте мен бәрін қалай бар, солай айттым. Қарағандыға КСРО билігінен мәскеулік делегация келді, кейін кеншілерді қолдауға Назарбаев келді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы: «Сендердің талаптарыңды мен Горбачевқа жеткіземін. Маған сенесіңдер ме?», - деді. Кеншілер сенім білдіріп, шахталарына тарады. Олардың бар талабы орындалды.

3 күн, 3 түн кеншілер қаланың тыныштығы мен тәртібін күзетті. 25 жастағы жігіт Мұхтар Тініккевтің соңынан біздің шахтаның 2000 кеншісі ерді. 1жылдан соң кеншілер мені Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына үміткер ретінде ұсынды. Сөйтіп, 26 жасымда депутат болып сайландым».

tengrinews.kz

Алайда депутаттың саяси карьерасының соңы келеңсіз жағдаймен аяқталды. Тінікеев осы жағдай жөнінде де сөз қозғады.

«Бұл соңы емес, мен қайтыс болғанда ғана бәрі аяқталады. Мұндай «даулы оқиғаға» келеңсіз немесе басқа да баға беруге болмайды. Және ол қандай да бір жағдай емес, сатқындықтан қорғанатын күшің жоқ нағыз өмір. Егер бәрі қайта басталса, мен дәл солай істер едім. Мен қашан да тік мінезді болдым және құпия болатындай әрекетке бармадым.

Иә, видеода боғауыз сөздер айтқаным рас. Бұрыннан солай сөйлеймін, бұл қасиетімді қоя алмай келе жатқаныма біраз жыл болды. Бүгінде өз-өзіммен жұмыс істеуге тырысып келемін. Соңғы жеңісім – темекі шекпегеніме 3 жыл болды.

Бірақ 20 жыл депутаттық қызметімде, мінбеде тұрған уақытымда дөрекі сөйлегенімді естідіңіздер ме? Сайлау уақытында? Мен жеке адамға боғауыз сөз айтпаймын, қоғамдық ортада ешкіммен бет жыртыспаймын, жұмыста да, үйде де дөрекілік танытпаймын. Алайда дәл сол кездесу барысында өзімнің абыройымды қалай да қорғап қалуды ойладым. Бір жыл бойы үнсіз болдым, өзімді ақтағым келмеді, бәрін ішімде сақтадым.

Менің бұрынғы әріптестеріммен ара-қатынасым жақсы болатын. Сол уақытта оларға мән-жайдың ашығын айтқанымда олар да мені сынамас еді. Бірақ мен өз-өзімнен ұялдым, Парламенттің ішінде болуға ұялдым. Сол себепті өз еркіммен отставкаға кету туралы арыз жаздым.

Маған ешкім «кет!» деген жоқ, өз еркіммен кеттім.

Интернетке салған менің досым емес екеніне сенімдімін. Тергеу жұмыстарын жүргізбедім. Мұны істеген дұшпандарым да емес. Ешкім ештеңеден сақтанбаған, әсіресе, сатқындықтан. Желіде мұндай жағдайлардың түр-түрі өріп жүр. Бүгінде өсек деген жарықтан да тез тарайтын заман ғой. Жанжал, шу болып жатқан жерде адамдардың назары да бірге жүреді. Лүпіл үшін тіпті жандарын құрбан ететіндер бар. Мұның жанында мен түскен видеоның рөлі қанша? Біз көбіне өзгеге күлеміз деп, өз-өзімізді мазақ етіп тұрғанымызды байқамаймыз.

Видеоны желіде тарамас бұрын көрген едім. Алайда қатаң сын мен қызу талқының астында қалады деп ойламаппын. Мен де ғаламтордың белсенді қолданушысымын, бұдан да келеңсіз жағдайларды көзім шалған.

Видео желіге тарап кеткен күннен бастап, маған қатысты түрлі шабуылдар мен лас сөздер айтылды. Мұндайды бұрын-соңды басымнан өткермеген ем. Алайда қолдау сөздердің де табылып жатқаны қуантты, аз болса да...

Желі деген еркіндік, адамдар қалағанын айта алады. Бірақ менің желі турасындағы ойым – әр адам өзінің айтқанына жауап бере алуы тиіс, ең бастысы өзін жасырмау керек. Ал мен жайлы лас сөздер жазғандардың көбі өз есімдерін жасырып берген.

Маған қатысты теріс пікір айтқандарға өз нөмірімді қалдырып, кездесуді ұсындым. Алайда бірнеше адамның ішінен тек екеуі ғана кездесті, мән-жайды естіген соң кешірім сұрады.

Мен жауапкершіліктен қашпағанмым, әрдайым өз ісім үшін жауап бердім. Алайда «шулы жағдай» тек мені ғана емес, менің әріптестерімді де қаралады. Ондайға жол бергім келген жоқ. Менің өмірлік ұстанымым - менің кесірімнен ешкім зардап шекпеуі керек!

Кенші Тінікеевке рұқсат етілген дүние, депутат Тінікеевке рұқсат етілмеген. Сол себепті мен Парламенттегі кеншілердің өкілі ретінде емес, кенші ойлы депутат ретінде отставкаға кетуге арыз жаздым.

Кеншілер ортасынан депутат шығуы мүмкін, бірақ кеншінің жаны депутаттан ешқашан да шықпайды!

Ал сол жағдайға келетін болсақ, Қарағанды кафелерінің ВИП-залдарының бірінде орын алған. Менің де жеке өзіме тән мінезім бар. Біз қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмедік, ешкімді қорламадық. Кездесудің мүшелері арасында ғана болған жанжал еді.

Ол кездесуде мен ұрлық жасаған адамның маған көрсеткен қоқан-лоқысы мен агрессиясына жауап беруге мәжбүр болдым. Оны ұрлықпен өзім ұстағанмын».

Видеодан байқағанымыздай Тінекеев Қарағанды тұрғынына «Кіресің бе, кірмейсің бе?» деп сұрақ қойып, жауа беруін талап етті. Оның үстіне бірнеше мәрте соққыға алды. Экс-депутат мұның да мәнісін түсіндірді.

 «Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, ең жақын досым деп санап жүрген, біздің ортақ кәсібімізді жүргізген адам бәрін өзінің басқа компаниясына жаза салады. Ал мені, тағы бір құрылтайшыны шетке ысырып қойған! Соған қарамастан, «менің артымда үлкен адамдар тұр» деп, бір беделді адамдардың атын атап, мені қорқыта бастайды. Менің дөрекі жауабым сол адамдарға қатысты айтылды. Мені біреудің есімімен қорқыту мүмкін емес, өз құқым үшін күресуге қауқарым жетеді.

Бұл жағдайдың үлкен дауға айналатынын да білген жоқпын. Мен үшін маңыздысы – адалдық, әділдік, қадір-қасиетті жоғалтпау. Бұлар – менің ұстанымдарым, бағалы қасиеттерім. Ал бұл құндылықтарды өзім аяққа таптасам, саяси карьерамның құны не болмақ? Өмірде құндылықтар үшін өз карьераңды құрбан етуге тура келетін жағдайлар болады. Бұл жанжал соның көрінісі. Сужүрек болу маған тән қасиет емес, мұны балаларым мен немерелеріме деп үйреткім келеді. Бар оқиға – осы.

Депутат та адам, оған дөрекі сөйлеуге болмай ма? Мен кабинетте, жұмыста депутатпын, ал жеке өмірде өзгелер секілді қарапайым адаммын».

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір