21Қаңтар

Жол ережесіне қатысты 2018 жылғы жеңілдетілген айыппұл мөлшері қандай?

Жол ережесіне қатысты 2018 жылғы жеңілдетілген айыппұл мөлшері қандай?
ⒸBaribar.kz

28 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңына қол қойды. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген ережелерге сәйкес, жол ережелерінің бұзылуына қатысты айыппұлдың 22 түрі азайтылды. Аталған заң бойынша айыппұл 7 күннің ішінде төленсе, 50%-дық жеңілдік жасау мүмкіндігі бұрынғыдай қалдырылды.

Айыппұлды бірнеше жолмен төлеуге болады

Екінші деңгейлі банктердің кассалары немесе «Қазпочта» АҚ арқылы қолма-қол ақшамен төлесеңіз болады. Мұндай төлем нәтижесінде айыппұл туралы хабарлама ҚР Ішкі істер министрлігінің базасына бірден жіберіледі. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі 17 банк осы жүйеге қосылған.

Төлем жасар кезде, бюджеттік сыныптама кодын (БСК) дұрыс көрсету қажет. Егер қате кетсе, айыппұл жабылмаған болып есептеледі.

Қолма-қол ақшамен айыппұлды Kaspi терминалдарымен немесе QIWI кошелек арқылы да төлеуге болады.

Сондай-ақ, egov.kz порталына тіркеліп, банк картаңыз арқылы да айыппұлды төлеудің  баламалы тәсілдері бар. Бұлардан бөлек, екінші деңгейдегі банктердің Интернет-сайттарында онлайн төлемдер бар: мысалы, Казком төлем карталарының иелері homebank.kz сайтында айыппұл төлей алады.

 baribar.kz

Құқық бұзушылықтың атауы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі АЕК бойынша айыппұл көлемі    Теңгемен есептегенде айыппұл көлемі

Жылдамдықты арттыру

Жылдамдықты 10-20 км/сағ арттыру  592-бап,  1-тарау 5 АЕК   12 025 теңге
Жылдамдықты 20-40 км/сағ арттыру 592-бап, 2-тарау 15 АЕК   36 075 теңге
Жылдамдықты 40 км/сағаттан арттыру 592-бап, 3-тарау  30 АЕК    72 150 теңге

Қиылыстарды, жүргінші жолақтарын, жол өткелдерінен өту

Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту 599-бап, 1-тарау 10 АЕК   24 050 теңге
Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту 594-бап, 1-тарау 10 AEK   24 050 теңге
Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау 600-бап, 1-тарау 10 AEK   24 050 теңге
Жол қиылыстарынан өтудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау 594-бап, 2-тарау 15 AEK   36 075 теңге
Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу 598-бап, 1-тарау 7 AEK   16 835 теңге
Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу 598-бап, 2-тарау 10 AEK   24 050 теңге
Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршамның немесе өтпе кезекшiсiнің тыйым салатын сигналы берілген кезде темiржол өтпелерiне шығу, сол сияқты темiржол өтпесiнде тоқтау немесе тоқтап тұру 607-бап, 1-тарау 10 AEK   24 050 теңге

Маневр жасау

Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау 595-бап, 1-тарау 5 AEK   12 025 теңге
Тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру 595-бап, 2-тарау 10 AEK   24 050 теңге
Жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау 595-бап, 3-тарау 15 AEK   36 075 теңге

Жолда орналасу

Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру 596-бап, 1-тарау 15 AEK   36 075 теңге

 

Қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу 596-бап, 3-тарау 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу 596-бап, 2-тарау 20 AEK   48 100 теңге

 Тоқтау, көлікті қою

Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу 597-бап, 1-тарау 10 AEK   24 050 теңге
Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру 597-бап, 2-тарау 15 AEK   36 075 теңге
Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу 597-бап, 3-тарау 20 AEK   48 100 теңге
Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу 597-бап, 4-тарау 50 АЕК   120 250 теңге

Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің талаптарын орындамау

Ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау 613-бап, 1-тарау 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау 613-бап, 4-тарау 2 жылға жүргізуші куәлігінен айыру

Жол-көлік оқиғасы және апатты жағдай

Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы 606-бап, 1-тарау 10 AEK   24 050 теңге
Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы 610-бап, 1-тарау 10 AEK немесе жүргізуші куәлігінен 9 айға айыру   24 050 теңге
Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет 613-бап, 2-тарау 15 АЕК +1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру   36 075 теңге
Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекеттер 610-бап, 3-тарау 20 АЕК   48 100 теңге

Ішімдік ішу

Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру 608-бап, 1-тарау 3 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан әрекеттер 608-бап, 2-тарау 4 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер 608-бап, 3-тарау 5 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер 608-бап, 6-тарау 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу
Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер 608-бап, 8-тарау 200 AEK   481 000 теңге

Жалпы міндеттер

Өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына уақытша куәлiгі болмаған жағдайда 612-бап, 1-тарау 5 AEK   12 025 теңге
Мiндеттi сақтандыру жөнiндегi және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ болған жағдайда 612-бап, 1-тарау 5 AEK   12 025 теңге
Мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы 230-бап, 2-тарау 20 АЕК   48 100 теңге
Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы 612-бап, 2-тарау 15 АЕК   36 075 теңге
Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы 612-бап, 2-тарау 10 АЕК   24 050 теңег

Экплуатация ережелері

Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару 509-бап, 9-тарау 5 АЕК   12 025 теңге
Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы 334-бап, 1-тарау 2 АЕК   4 810 теңге
Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару. 590-бап, 1-тарау 5 АЕК   12 025 теңге
 Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару 590-бап, 2-тарау 10 АЕК   24 050 теңге
Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату 590-бап, 3-тарау 15 АЕК   36 075 теңге
Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару 590-бап, 4-тарау 20 АЕК, яғни48 100 теңге немесе  1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларына сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару 590-бап, 5-тарау 5 АЕК   12 025 теңге
Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару 590-бап, 6-тарау 15 АЕК   36 075 теңге
Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару 590-бап, 7-тарау 15 АЕК   36 075 теңге
Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату 603-бап, 1-тарау 15 АЕК   36 075 теңге
Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату 603-бап, 2-тарау 25 АЕК   60 125 теңге
Көлiк құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу 603-бап, 3-тарау 25 АЕК   60 125  теңге

Өзге де құқық бұзушылықтар

Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн, мотоциклдердi басқару және олармен жолаушыларды тасымалдау кезiнде мотошлемдердi пайдалану, көлiк құралдарын сүйрету, тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн кезде жарық беретiн аспаптарды пайдалану қағидаларын сақтамау 593-бап, 1-тарау 5 АЕК   12 025 теңге
Басқа баптарда көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау 601-бап, 1-тарау 3 АЕК   7215 теңге
Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы 602-бап, 1-тарау 5 АЕК   12 025 теңге
Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы 591-бап, 1-тарау 5 АЕК   12 025 теңге

Жаяу жүргіншілердің және басқа да қозғалысқа қатысушылардың құқық бұзуы

Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың ҚP жол жүрісі туралы заңнамасында белгiленген талаптарды орындамауы 615-бап, 1-тарау 5 АЕК   12 025 теңге
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет 615-бап, 2-тарау 10 АЕК   24 050 теңге
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет 615-бап, 3-тарау 15 АЕК  

36 075 теңге

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


1
Әлемдегі ең қайсар боксшы атағы Генадий Головкинге бұйырды
21/01 10:47 0 7
2
Натали Портман: 13 жасымда денемді бүркеп жүру керектігін ұқтым
21/01 10:06 0 290
3
21-қаңтарға арналған ауа райы болжамы
21/01 09:19 0 509
Алматыдан 311 км шақырым қашықтықта жер сілкінді тіркелді
21/01 09:09 0 1048
Асхат Еркімбай: Медиа соңғы технологиялық өзгерістерге тез бейімделуі тиіс
20/01 19:32 1 1047

Таныстырылғандар

Мәжіліс депутаты Ақтөбедегі орамал дауына араласты
Мәжіліс депутаты Ақтөбедегі орамал дауына араласты
Мәжіліс депутаты Ақтөбедегі орамал дауына араласты
Екі жарым сағатқа созылған жиында тараптар бір мәмілеге келе алмады.
10/01/2018 12:44 4 1914
Депутаттар Шымкенттегі Астана даңғылына Назарбаев атын беруді ұсынды
Депутаттар Шымкенттегі Астана даңғылына Назарбаев атын беруді ұсынды
Депутаттар Шымкенттегі Астана даңғылына Назарбаев атын беруді ұсынды
2017 жылы Алматыдағы Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы болып өзгертілген болатын.
10/01/2018 15:50 3 1778
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары тағайындалды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары тағайындалды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары тағайындалды
2002 мен 2006 жылдары дипломатиялық қызметте жұмыс істеген
11/01/2018 12:13 0 1639
2017 жылдың қорытындысы: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,1%-ға ұлғайды
2017 жылдың қорытындысы: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,1%-ға ұлғайды
2017 жылдың қорытындысы: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,1%-ға ұлғайды
Жұмыссыздық деңгейі 2017 жылғы қарашада 5,0%-ды құрады
11/01/2018 13:28 22 1700
Алматыда автобус апатқа ұшырады: 4 адам зардап шекті
Алматыда автобус апатқа ұшырады: 4 адам зардап шекті
Алматыда автобус апатқа ұшырады: 4 адам зардап шекті
Алматы орталығында автобус ағашқа соғылып, соның салдарынан 4 жолаушы зардап шеккен.
11/01/2018 18:14 0 1651
Қазақстанда 45 жолаушысы бар автобус аударылды
Қазақстанда 45 жолаушысы бар автобус аударылды
Қазақстанда 45 жолаушысы бар автобус аударылды
Апаттың себептері белгісіз
12/01/2018 09:52 0 2047
Қытайда қазақстандық 19 жастағы студент қыз көз жұмды
Қытайда қазақстандық 19 жастағы студент қыз көз жұмды
Қытайда қазақстандық 19 жастағы студент қыз көз жұмды
Оқиға 1 желтоқсан күні Шанхай қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан Судьжоу қаласында болды.
12/01/2018 19:26 3 4541
500 теңгенің дауы: Тағы бір фотограф өз суретін танып, өтемақы талап етті
500 теңгенің дауы: Тағы бір фотограф өз суретін танып, өтемақы талап етті
500 теңгенің дауы: Тағы бір фотограф өз суретін танып, өтемақы талап етті
Ұлттық банк 500 теңгені өткен жылы қарашада айналымға шығарған болатын
14/01/2018 13:01 5 4431
Блогерлер латын әліпбиін насихаттағаны үшін миллиондаған теңге алады
Блогерлер латын әліпбиін насихаттағаны үшін миллиондаған теңге алады
Блогерлер латын әліпбиін насихаттағаны үшін миллиондаған теңге алады
Әлеуметтік желілерде блогерлерді тарту жолымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге 462 миллион 600 мың теңге жұмсау жоспарланған.
17/01/2018 15:18 0 800
Қарағандыда қызына үйленуге ұсыныс жасаған жігітті өлтіріп кетті
Қарағандыда қызына үйленуге ұсыныс жасаған жігітті өлтіріп кетті
Қарағандыда қызына үйленуге ұсыныс жасаған жігітті өлтіріп кетті
Бұл оқиға Қарағандының Пришахтинск ауданында болған.
17/01/2018 16:06 1 1563
Ақтөбе облысында автобус өртенді: 52 адам қаза болды
Ақтөбе облысында автобус өртенді: 52 адам қаза болды
Ақтөбе облысында автобус өртенді: 52 адам қаза болды
Ақтөбе облысындағы Ырғыз аймағында жолаушысы бар автобус өртке оранып, 52 адам қаза болды.
18/01/2018 12:49 0 1952
Алдағы Олимпиадада келімсектерге артар үміттен бұрын күдік басым...
Алдағы Олимпиадада келімсектерге артар үміттен бұрын күдік басым...
Алдағы Олимпиадада келімсектерге артар үміттен бұрын күдік басым...
Қазақ елі азаттығын алып, өз қотырын өзі қасығалы бері алты рет жазғы Олимпиада ойындарына қатысса, дәл сонша рет қысқы Олимпиадада бақ сынапты.
18/01/2018 17:25 0 625
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығымен байланысты өзекті мәселелерді талқылады
19/01/2018 10:08 0 359
Ақтөбеде өртенген құрбандардың сүйектері Өзбекстанға жөнелтілді
Ақтөбеде өртенген құрбандардың сүйектері Өзбекстанға жөнелтілді
Ақтөбеде өртенген құрбандардың сүйектері Өзбекстанға жөнелтілді
52 азаматтың сүйегін Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы ұшағы 19 қаңтарда Астана уақытымен сағат 21 шамасында Ақтөбеден Өзбекстанға алып кеткен.
20/01/2018 10:44 0 821
Алматыдан 311 км шақырым қашықтықта жер сілкінді тіркелді
Алматыдан 311 км шақырым қашықтықта жер сілкінді тіркелді
Алматыдан 311 км шақырым қашықтықта жер сілкінді тіркелді
ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 21 қаңтары күні 07 сағат 39 минут жер сілкінді.
21/01/2018 09:09 0 1048