• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:22:50
Алматы
+35°

09 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Жоғалып кеткен қырғызстандық екі азамат Ресейде өлі табылды

Екі қырғызстандық азаматтың жоғалып кеткені туралы ақпарат 30 желтоқсанда тараған.

Мәскеуге жақын Жуковский қаласында Қырғызстанның екі азаматының өлі денесі табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің өкілі өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қаза тапқан азаматтардың суреті WhatsApp желісінде тарады. Екі қырғызстандық азаматтың жоғалып кеткені туралы ақпарат 30 желтоқсанда тараған.

Қырғызстан азаматтары

Бірінің денесін балықшылар 30 желтоқсанда Наркомвод көшесі маңындағы Мәскеу өзенінің жағасынан тапқан. Екінші дене де сол аймақтардан табылды, тек кейінірек. Өлі денелерден азаматтардың зорлық көргені анықталды.

Мәскеу қаласындағы құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Қырғызстан ІІМ Ресейдегі өкілі терге жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Өз кезегінде Қырғызстан ІІМ-нің өкілі ТМД елдеріндегі өкілі отандастарынан өлген азаматтардың суретін таратпауды сұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір